/

Қазақанимация – 2025: жаңа есімдер, жаңа жобалар және анимация саласын өзгерткен серпін

42 рет қаралды

Қазақстан анимациясы жаңа серпілісті бастан кешіп жатыр.

2025 жылы «Қазаханимация» студиясы бір ғана өндіріс орны ретінде емес, жаңа кадрларды тәрбиелейтін орталыққа, халықаралық тәжірибе мен жаңа идеялар тоғысатын шығармашылық алаңға айналды. Биылғы маусым жас авторларға берілген мүмкіндік, жаңа жанрлардың пайда болуы және қазақ анимациясының жүйелі түрде күшейіп келе жатқанын дәлелдейтін нақты көрсеткіш.

Мемлекеттік қолдау мен анимациядағы ірі серпін

«Қазаханимация» АҚ «Казахфильм» құрамында мәдениет пен өнердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс істейді.
Кино өндірісінен бастап қазақ тіліндегі контентті көбейтуге дейін, студияның жыл бойғы жұмысы ұлттық анимацияны жаңа деңгейге көтеруге бағытталған кешенді шаралар.


2025 жылы студияның қызметі үш негізгі бағытта күшейтілді:
1) анимациялық жобаларға арнап ірі ұлттық питчиң өткізу;
2) халықаралық стандарттағы ауқымды білім беру бағдарламасын іске қосу;
3) 12 пилоттық анимациялық жобаны толыққанды өндіріске жіберу.

66 өтінім 26 жеңімпаз: рекордтық питчиң

30 маусым мен 3 шілде аралығында өткен ұлттық питчиң биыл ерекше форматта өтті.

Жоба үш бағытты қамтыды:
• сериалдық анимация,
• қысқаметражды авторлық фильмдер,
• студенттік жұмыстар.

66 өтінімнің ішінен 41 жоба сараптамалық қарауға өтіп, оның 26-сы ашық қорғауда жеңімпаз атанды. Бұл жастар үшін нақты өндіріс алаңының ашылғаны, ал индустрия үшін жаңа идеялар легінің келгені.
Сарапшылар 2022 – 2024 жылдардағы жұмыстарды да талдап, ең әлеуетті жоба ретінде «Айбынды аула» пилотын атап, оны 2025 жылы бес сериялы жалғасын түсіруге жіберді.
Өндірісте 12 жаңа жоба 21 шілдеден бастап «Қазаханимация» 12 анимациялық жұмысты өндіріс кезеңіне жіберді. Бұл – студия тарихындағы ең ауқымды өндірістік науқан.
Пилоттық жобалардың арасында:

• «Qupiya Nauryz» фэнтези,
• «Zhynqorgan» (Көлеңке) мистика,
• «Хочу домой» отбасы драмасы,
• «Унисон» комедиялық боевик,
• «Su perisi» фолк-хоррор,
• «Слёзы Умай» экшн-драма,
• «Шаңырақ» драмеди бар.

Оған қоса, көпшілікке таныс «Айбынды аула» жобасы САҚ студиясымен бірлесіп
жалғасын тапты.

Биыл келесі 5 серия өндіріске жіберілді:
«Атаманға ақталу», «Әбжыланның әлегі», «Құпия жоспар», «Келісім», «Қорғаныс».

Бұл тәжірибелі мамандар мен жас авторлардың бір ортада еңбек етіп, анимациялық контенттің жаңа буынын қалыптастыруда бірге жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.

Қазақстан анимациясына жаңа тыныс 2025 жылғы ең маңызды жетістіктердің бірі – ауқымды халықаралық білім беру бағдарламасының іске асуы. Астана қаласында өткен оқыту циклына Финляндия, Канада, Франция және Армениядан келген анимация мамандары қатысып, мастер-класс өткізді.
Негізгі тренерлер: Октай Юсибов (Финляндия) питч-дек жасау, Мэтью Лайон (Канада) анимациялық сторителлинг, Питер Нэлли (Канада) визуалды баяндау, Юрий Степанов (Канада) анимация экономикасы, София Гори (Франция) деректі анимация, Георгий Богуславский (Армения) перекладка техникасы.

Мастер-класстар YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді. Бұл Қазақстанның кез келген қаласындағы жас суретшінің халықаралық білімді еркін алуына мүмкіндік берді. Білім беру форматы алғашқы рет өндіріс процесімен тікелей біріктірілді: лекцияда үйренген әдістер бірден нақты жобаға қолданылды. Бұл модель қазір анимация индустриясында ең тиімді тәжірибелердің бірі саналады.

2025 жылдың нәтижесі қазақ анимациясының жаңа буынын қалыптастыруға жасалған ең маңызды қадамдардың бірі. Биыл басталған жобалар алдағы жылдары да жалғасып, халықаралық фестивальдерге қатысуға, қазақ анимациясын әлемге танытуға бағытталады.

Гүлназ Ұзақ, Дана Қуанышева

Фото: Qazaqanimasia студиясынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

GGG әлемдік бокстың жаңа басшысы

Фото: worldboxing.org/news Даңқты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлемдік спорт тарихындағы айтулы оқиғаның кейіпкеріне айналды. Римде өткен

Токиодағы тарихи жеңіс

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан жазғы Сурдолимпиадалық ойындар Қазақстан спорт жанкүйерлері үшін ерекше қуаныш пен мақтанышқа