//

Қазақстан сурдодзюдошылары Токиодағы Сурдлимпиада ойындарында тарихи жетістікке қол жеткізді

40 рет қаралды

Токио қаласында өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиалық ойындардың кезекті жарыс күні Қазақстан дзюдо құрамасы үшін сәтті болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпидалық комитеті хабарлады. Есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында жоғары деңгейімен танылған қазақстандық дзюдо мектебі тағы бір мәрте өз мықтылығын дәлелдеп, бес бірдей жүлдені ел қоржынына салды: екі алтын, бір күміс және екі қола медаль.


Алғаш болып татамиге 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Еркебұлан Канафин шықты. Финалда венгр спортшысы Патрик Отвошпен кездескен отандасымыз қарсыласына еш мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жетті. Осы нәтижесімен ол Сурдлимпия ойындарының чемпионы атанып қана қоймай, Қазақстан тарихында дзюдодан Сурдлимпияның екі дүркін чемпионы атанған алғашқы спортшы ретінде тарихқа енді.
Келесі алтын медаль 70 келіге дейінгі салмақта белдескен Амина Файзулинаға бұйырды. Ол финалда украиналық Марина Похореловамен кездесіп, шебер техникалық арсеналы мен тактикалық сауаттылығының арқасында жеңісті жұлып алды.
Қазақстан құрамасының еншісіне жазылған күміс жүлдені 100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Токтарбек Айдарбек иеленді. Шешуші белдесуде ол француз дзюдошысы Артур Репикеге есе жіберді.
Сонымен қатар екі қазақстандық спортшы қола жүлдеге қол жеткізді. 78 келі салмақта Анна Краморова кіші финалда франциялық Нинон Таилиді тізе бүктірсе, 100 келіден жоғары салмақтағы Сабыржан Хапизов украиналық Володимир Маклаковты жеңіп, үздік үштіктің қатарынан көрінді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиалық комитеті вице-президенті Азамат Қарлығашев Токиода жүрген журналистерге берген сұхбатында Еркебұлан Канафиннің тарихи жетістігін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі нәтижелер бапкерлер құрамы мен бүкіл команданың жүйелі еңбегінің жемісі.
Екі күндік жарыс қорытындысында Қазақстан дзюдо құрамасының қоржынында төрт алтын, бір күміс және төрт қола медаль бар. Медальдық есеп бойынша Қазақстан жалпыкомандалық бірінші орынға көтерілді.

Түгелбай Бисен,

фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Ақын Күләш Ахметова өмірден өтті

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Күләш Ахметованың өмірден

Экологиялық сана әрекет пен жауапкершіліктен басталады

Пакизат Сайлаубекова, ана, эколог, подкастер                                                                                                                                                                                                                                                    Эколог, подкастер Пакизат Сайлаубекованың өмір жолы мен кәсібі