Қазақстандық дзюдошылар Сурдолимпиада ойындарын сәтті бастады

52 рет қаралды

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстанның дзюдошылары ұлттық құрама қоржынына екі алтын және екі қола медаль салды.

Ол ақпаратпен ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің баспасөз қызметі бөлісті.


Алдымен 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Хамзе Ғұлама финалдық сында алжирлік спортшы Бухидель Абдеррахманды иппонмен таза жеңіп, Сурдлимпиада чемпионы атанса, артынша 73 келіге дейінгі салмақта күрескен Шадияр Қуандық та алтыннан алқа тақты. Ол финалда кореялық дзюдошы Хванг Хёнды алып ұрды.
Сонымен қатар 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айым Жетпісбаева жұбаныш белдесуінде түркиялық спортшы Элиф Кючукарсланды жеңіп, Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдесіне қол созса, 60 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Алтынбек Кәкітаев кіші финалда нидерландық Альберт Вестерхофты айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша Алтынбек те Сурдолимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.
ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің айтуынша, жарыстың осындай сәтті басталуы бүкіл құраманың рухын көтеріп, Қазақстанның жалпыкомандалық медаль кестесіндегі позициясын нығайта түседі.
Сондай-ақ алғашқы жарыс күні бадминтоншылар да жарыс жолына шықты.

Өкінішке қарай, құрама спортшылары Словакия, Корея, Гонконг Тайбэй мен бейтарап елдің спортшыларына есе жіберді.

Түгелбай Бисен,
Фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Ақын Күләш Ахметова өмірден өтті

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Күләш Ахметованың өмірден

Экологиялық сана әрекет пен жауапкершіліктен басталады

Пакизат Сайлаубекова, ана, эколог, подкастер                                                                                                                                                                                                                                                    Эколог, подкастер Пакизат Сайлаубекованың өмір жолы мен кәсібі