/

Шымкентте Мінбердің кезекті тренингі өтеді. Тіркелуге асығыңыздар!

322 рет қаралды
Minber.kz

Құрметті «Мінбердің» оқырмандары  сіздер үшін біздің жақсы жаңалығымыз бар.

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Kсell және Ericsson компанияларымен бірігіп “Телекоммуникация тақырыбын жазуда ЖИ құралдары журналистерге қалай көмектеседі?”тақырыбында тренингтер сериясын ұйымдастырады.

Тренинг кімдерге арналған және трениңнен не үйренесіз?

Бұл тренинг телекоммуникация тақырыбында журналистік контент жасап, әлеуметтік желіге бейімдеуді үйренгісі келетін аймақтағы журналистерге арналған. Тренинг барысында телекоммуникация тақырыбын жазудағы журналистика этикасын, генератив жасанды интеллект құралдарының артықшылғы мен кемшіліктер және контентті мультимедиаландырып, әлеуметтік желіге бейімдеудің қыр-сыры үйретілмек. Практикалық бағытта өтетін тренингте қатысушылар менторлардың көмегімен журналистік контент жасаған жағдайда сертификатқа ие болады.

Тренинг Қазақстанның үш өңірінде, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс және Батыс өңірлерінде өтеді.

Оңтүстіктегі журналистер үшін 2025 жылдың 21 қарашасында Шымкент қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Батыс өңіріндегі журналистер үшін Ақтау қаласында және Оңтүстік-Шығыс өңірлерінің журналистері үшін Алматы қаласы таңдалып алынды. Уақыты қосымша хабарланады.

Шымкент қаласында өтетін тренингке оңтүстік өңірдің журналистері (Шымкент, Түркістан, Тараз және Қызылорда) қатыса алады. Тіркелу қарашаның 15-не дейін жалғасады.

Шымкенттегі тренингке қатысу үшін аталған өңірлердің журналистері төмендегі тіркелу формасын толтырып, өтінім жолдауы тиіс. Орын саны шектеулі. Ендеше не тұрыс, қапы қалмаңыз, тіркеліңіз. Сәттілік!

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Желаяқтар қос қола иеленді

Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңіл атлетика додасында 3000 метрге жүгіру сайысында