/

Токиодағы тарихи жеңіс

25 рет қаралды

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан жазғы Сурдолимпиадалық ойындар Қазақстан спорт жанкүйерлері үшін ерекше қуаныш пен мақтанышқа толы сәттер сыйлап отыр.

Жекелей сында қазақстандық сурдодзюдошылар 4 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте көш бастады.
Дзюдошылар жарысының шешуші күні командалық сайыс өтті. Алғашқы айналымда қыздар құрамасы Алжирден басым түсті, ал ерлер құрамасы жарыс иелері Жапония палуандарын тізе бүктірді.
Жартылай финалда ерлер құрамасы Иран командасымен кездесіп, айқын басымдық танытты. Тәжірибесі мол, тактикасы мығым қазақстандық дзюдошылар қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Ал қыздар құрамасы Корея спортшыларымен күш сынасып, сенімді түрде жеңіске жетті.


Финалдық белдесулер де тартысқа толы болды. Әуелі татамиге қыздар шықты. Қазақстан мен Украина арасындағы айқас аса шиеленісті өтті. Қорытындысында украиналық спортшы қыздар жеңіске жетіп, біздің құрамамыз күміс медальді еншіледі.
Ал ерлер құрамасы Франция спортшыларымен алтын медалді сарапқа салды. Қазақ дзюдошылары финалда өздерінің жойқын дайындығын, жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, қарсыластарын қапы қалдырды. Осылайша ерлер командасы Сурдолимпиада чемпионы атанды.


– Бүгін – тарихи күн. Біз жалпыкомандалық есепте бірінші орыннан көріндік. Командалық сында да үздік екенімізді дәлелдедік. Қазіргі таңда ұлттық құрама қоржынында 5 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль бар. Бұл – бас бапкер Сергей Дмитренко мен спортшылардың жеке жаттықтырушыларының тынымсыз еңбегінің нәтижесі, – деді Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі сұхбат берген Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің және Қазақстанның сурдодзюдо федерациясының бас хатшысы Айжан Чокина.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Сурдолимпиада бағдарламасындағы бадминтон, үстел теннисі, жеңіл атлетика, жүзу, еркін және грек-рим күресі секілді спорт түрлерінде де бақ сынап жатыр.

Түгелбай Бисен,

фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Ақын Күләш Ахметова өмірден өтті

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Күләш Ахметованың өмірден