– Тыңдап отырсың ба, балам? – Мен оның қимылын бағып, оған қарап үнсіз отырдым. Менің жауап күтіп қалғанымды түйсік арқылы сезді білем, қолындағы смартфонды тізесінің үстіне қойды да маған қабағының астымен сүзе қарады. Мен бұған дейін оған не айтқанымды білмеймін, бірақ оның меңіреу жанарынан, салақтаған ұртынан, түйген қабағынан «ақылыңнан айналайын» деген қарсылықты оқыдым. Оған қарап отырып басымды изедім. Көнгенім бе, иланғаным ба тағыда білмеймін. Әйтеу басымды изедім. Оның үнсіз жауабын мақылдауға мәжбүр болып отырған сияқтымын.
«Иә, мейлі балаң болсын, басқа болсын қазіргі жас жеткіншектерге бірдеңе айтуға болмайды. Бірдеңе! Іштен бәрін біліп туғандар. Бетіңнен алдырмайын, көзімен атқызбаймын десең көтіңді қысып отыр. Сенен гөрі оған ана алдында, тізесінің үстінде жатқан алақандай телефон қымбат. Сенің дауысыңа назар аударып, саған қарағанына шүкірлік де. Шырқын бұзба, шынбайына тиме, ол соны тыңдайды. Сенген гөрі соның сөзі өтімді. Бұл екеуі бір-біріне сиямның егіздерінен де жақын. Ұйықтаса қойнында, оянса қолында. Туалетке бірге кіреді. Душқа бірге түседі. Ас ішкенде бір саусағы соның бетін түрткілеп, тізесі дірілдеп отырады. Жолдан өтіп бара жатқанда да, көлікте де одан көз жазбайды. Смартфонды қарап жатып әбден сілесі құрығанда оны сөндірместен талықсып ұйқыға кетеді». Ол:
– Неге қарайсың, – деп иек қақты да қайтадан телефонына шұқшиды. «Неге қарамаймын? Андағы пәле ақыл-ойыңды, санаңды деп жатқанын айта-айта жағып талды. Қақпайсың. Қарсы шабасың! Не істесем болар екен?». Ауыр күрсіндім. «Не істесем болар екен?». Миыма бүгінгі аөыл-ойдың ғұламасы ЖИ, «Chat JPT»-ден сұрайыншы деген ой шақ ете түсті. Адамды есірткіқұмарлықтан шығару қиын дегенді естігенім бар.
Сұрақ: Есірткіқұмарлықтан шығу оңай ма, смартфоннан шығу оңай? – Жауап жарқ ете түсті.
Жауап: Қысқа да нақты салыстырайын.
«– Астапыралла. Не дейді, әкем?».
Смартфоннан шығу — көбіне есірткі құмарлықтан да қиын. Неге?
- Есірткі – тыйым салынған. Смартфон – заңды әрі қажет.
Есірткіні толық тоқтатуға болады. Ал смартфонды мүлде алып тастау мүмкін емес: оқу, жұмыс, байланыс үшін керек. - Смартфон күнде, қалтада, қолжетімді.
Есірткіге жету үшін кедергі бар. Смартфонға жету үшін бір секунд жеткілікті. - Смартфон әлеуметтік түрде мақұлданған.
Телефон қарасаң – ешкім сөкпейді. Ал есірткі қолдану қоғамда айыпталады. Бұл — үлкен айырмашылық. - Смартфон тәуелділігі жасырын.
Ол «менде проблема жоқ» деген иллюзия тудырады. Ал есірткі тәуелділігін мойындау оңайырақ, себебі салдары айқын. - Екі жағдайда да бір механизм жұмыс істейді.
Екеуі де миға дофамин береді. Айырмасы — смартфон оны үздіксіз, аз-аздан, бірақ тоқтаусыз береді.
Мен: «– Дофамин деген пәле рахат пен ләззаттың көзі емес пе»
Қорытынды:
- Физикалық тәуелділік жағынан — есірткі ауыр.
- Тастау қиындығы жағынан — смартфон кейде одан да қиын.
Себебі смартфон — жау емес, «дос» кейпіндегі тәуелділік. Егер қаласаңыз, мен мұны балалар мен ересектер үшін бөлек немесе ғылыми тұрғыдан (ми деңгейінде) түсіндіріп бере аламын.
Жүрегі шымыр ете түсті. “Жоқ, рахмет” деп жаздым.
22.12.2025.
Парақшамызға жазылыңыз
