/

Құрылтайшылардың жеке жауапкершілігі: салық кодексіндегі норма неге дауға айналды?

51 рет қаралды

Фото: pexels

Қазақстанда компанияларды тарату кезінде салық қарызын өтеу тәртібі өзгерді. Жаңартылған Салық кодексіне енгізілген нормаға сәйкес, белгілі бір жағдайларда компанияның салық берешегі үшін құрылтайшылар жеке мүлкімен жауап беруі мүмкін.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Ақпаратты LS басылымы мәлімдеді.

Өзгерістің мәні неде?

Жаңа талапқа сәйкес, егер заңды тұлға таратылып, бірақ салық қарызы өтелмесе, мемлекеттік кірістер органдары банкроттық рәсімін бастап, ортақ (солидарлық) жауапкершілік қағидатын қолдана алады. Бұл жағдайда берешек тек компанияның емес, құрылтайшылардың жеке мүлкі есебінен де өндіріліп алынуы мүмкін.

Комитеттің түсіндіруінше, мұндай шара автоматты түрде қолданылмайды. Ол тек құрылтайшылардың кінәсі дәлелденген немесе олар компанияны тарату кезінде заңда көзделген міндеттерді орындамаған жағдайда іске қосылады.

Қандай жағдайда жеке жауапкершілік туындайды?

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, құрылтайшылар мен лауазымды тұлғалар төмендегі жағдайларда жеке жауапкершілікке тартылуы мүмкін:

– егер құрылтайшылар немесе лауазымды тұлғалар қасақана банкроттыққа кінәлі деп танылса;
– борышкер мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылданған, алайда мүліктің құнын бастапқы сатып алушы өтей алмаған жағдайда;
– ЖШС-ның құрылтай құжаттары банкроттық басқарушыға тапсырылмаса;
– компанияны тарату туралы шешім қабылданғанымен, мүлкі қарызды өтеуге жеткіліксіз бола тұра, сотқа банкрот деп тану туралы өтініш берілмесе.

Мемлекеттік кірістер комитеті бұл норманы жаңа өкілеттік емес деп түсіндіреді. Ведомствоның мәліметінше, мұндай талаптар бұған дейін де Азаматтық кодексте және Салық кодексінің жекелеген баптарында болған.

Осы ақпараттардан кейін туындаған резонансқа байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті ресми түсініктеме берді.

«№654 бұйрығы ешқандай жаңа талап енгізбейді. Бұл бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін Салық кодексінің нормаларын іске асыру үшін қабылданған. Ол компаниялар қызметін тоқтату немесе тарату кезінде салық міндеттемелерін қалай орындауы керектігін сипаттайды», – делінген комитет хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, негізгі принцип өзгермейді: егер компанияның салыққа байланысты берешегі болса, ол Салық кодексінде белгіленген тәртіппен өндіріледі; егер компания мүлкі жеткіліксіз болса, құрылтайшылардың жауапкершілігі тек Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда ғана туындайды.

«Бұл қағида заңнамада – Салық кодексінде, Азаматтық кодексте және Банкроттық туралы заңда бұрыннан бар. №654 бұйрық осы нормаларды қайталайды, мемлекеттік кірістер органдарының өкілеттіктерін кеңейтпейді», – делінген хабарламада.

Құрылтайшы қандай жағдайда жауапқа тартылуы мүмкін?

Құрылтайшы тек компания банкрот деп танылғаннан кейін және нақты жағдайларда ғана субсидиарлық жауапқа тартылуы мүмкін, мысалы: компанияны әдейі банкроттыққа жеткізу; мүлікті шығару немесе жасыру; таратылып жатқан компанияның құжаттарын тапсырмау; мүлік қарыздарды жаппайтын жағдайда сотқа банкроттық туралы өтінішпен жүгінбеу.

Дау неден шықты?

Бұйрықтың жекелеген тармақтары БАҚ-та құрылтайшылардың жауапкершілігі кеңейтіледі деп қате түсіндірілген. Алайда аталған тармақ Салық кодексінің 75-бабын ғана қайталайды және қолданыстағы ережелерді өзгертпейді.

«№654 бұйрық заңды бұзбайды және құрылтайшыларға жаңа міндеттер енгізбейді. Мемлекеттік кірістер органдарына жаңа өкілеттік бермейді. Ол тек заңда бұрыннан қарастырылған процестерді жүйелейді және сипаттайды», – делінген хабарламада.

Бегім Көктүрік

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Пәтер бағасы арзандай ма?

Алатау ауданындағы ескілеу көпқабатты үйлердің бірінде Айдана мен Еркебұлан екі бөлмелі жалдамалы пәтерде тұрады. Жиһаздар бұрынғы