/////

Тұңғышбай Жаманқұлов: Қатарымды тептің… Тізеңді батырдың – Мен кештім…

25 рет қаралды

2025 жылы желтоқсан айының 21 күні қазақтың аса көрнекті актері Асанәлі (Әшімов) 88 жасында қайтыс болды. Жан рухы шат, Топырағы торқа болсын! Осы қазанама хабарланысымен қазақтың тағы бір көрнекті әртіс-актері Тұңғышбай Жаманқұлов әлеуметтік желіде марқұммен қоштасу-бақұлдамасын жедел жариялады. Оқырмандарымызға ой тастау үшін Т.Жаманқұловтың  осы “қоштасу сөзін” ұсынып отырмыз.

«Асқар тауымыз едің – аласармадың… Аспанға кеттің… Мәдиіңді ойлап мұң байладың… Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың… Қатарыңнан жалғыз едің – соңдарынан кеттің… Қатарымнан жалғызбын – арттарында қалдым…. Ағалық жасап арқамнан қақпадың – әлжуаздықтан сақтадың…Көкем болып, көңілімді өсірмедің – кішілігім кем боп жақпадым… Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің – өз күшіме сендірдің… Сүйеніш болмадың – жансірілікке үйреттің… Тірегім болмадың – табаным таймастай тағаладың… Белімді бумадың – бекемдікке баулыдың… Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың… Соңыңда қалдырмадың – ізіңде жүргенімді сездің… Қатарымды тептің… Тізеңді батырдың –  Мен кештім… Биіктігіңе пара-пар, Пенделігіңді көрдім –  Өзің де кеш… Өкпеге қисам да, Өлімге қимадым… Сары уайым – Сағынышқа айналдың…

Қош… Бақыл бол…» деп жазды Т. Жаманқұлов.

Дерек көзі (Тұңғышбай Әл-Тарази ФБ парақшасынан алынды)

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар