Фото: kaz.zakon.kz
Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күн қалды. Дүбірлі додаға 37 күн бар. Жуырда шаңғы және коньки киіп жүгіру спорт түрлерінде ел намысын қорғайтын ұлттық құраманың спортшылары жарияланды.
Конькимен жүгірушілер құрамасына Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко енді
Шаңғы жарысынан әйелдер құрамасына Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина, Дарья Ряжко және Анна Мельник таңдалды.
Ал ерлер арасында ел намысын Виталий Пухкало, Наиль Башмаков және Әмірғали Мұратбеков қорғайды.
Ерекше атап өтерлік жайт 20 жастағы Әмірғали Мұратбековтің жетістігі. Жас спортшы елішілік жарыста екі бірдей алтын медаль жеңіп алып, шеберлігін дәлелдеді.
Осы нәтижесінің арқасында ол Италияда өтетін қысқы Олимпиадаға жолдама алды. Бұл Әмірғали үшін ғана емес, отандық шаңғы спорты үшін де үлкен үміт.
Ұлттық құраманың спортшылары қазір қарқынды дайындық үстінде. Жанкүйерлер Италиядағы қысқы Олимпиадада отандастарымыздан жоғары нәтиже күтеді.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз
