/

Азық-түлік бағасы неге қымбаттап барады?

57 рет қаралды
1

Фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөнеркәсіп кешеніндегі жүйелі мәселелерді ашық көтерді. Президент Қазақстанның азық-түлік импортына әлі де тәуелді екенін, ал ішкі нарықтағы бағаның тұрақсыздығы халықтың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етіп отырғанын айтты.

Президенттің сөзінше, ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы табиғи әрі экономикалық мүмкіндіктері бола тұра, елдің негізгі азық-түлік түрлері бойынша сыртқы нарыққа иек артуы мемлекеттік басқару тиімділігінің төмендігін көрсетеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығындағы ең басты мәселе – шикізатты терең өңдеудің жоқтығы екенін баса айтты. Қазіргі мемлекеттік қолдау шаралары жүйелі проблемаларды шешуге емес, тек жалпы өнім көлемін (цифрларды) көбейтуге ғана бағытталған.

«Соның салдарынан әлі күнге дейін азық-түлік импортына тәуелді болып отырмыз, баға да өсуде», –  деді Президент.

Шикізат емес, өнім шығару керек

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы ең басты мәселе –шикізатты терең өңдеудің жоқтығы екенін баса айтты. Қазіргі мемлекеттік қолдау шаралары жүйелі проблемаларды шешуге емес, тек жалпы өнім көлемін көбейтуге бағытталған.

«Соның салдарынан әлі күнге дейін азық-түлік импортына тәуелді болып отырмыз, баға да өсуде», –  деді Президент.

Әкімшілік кедергілер мен «уақытша» шешімдер

Президент Үкіметтің нарықты реттеу тәсілдеріне де көңілі толмайтынын ашық айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, билік нақты әрі ұзақмерзімді даму жолдарын іздеудің орнына, әкімшілік шектеулерге сүйеніп келеді.

Мәселен, Үкімет бағаны тікелей реттеуден бас тартамыз деп мәлімдегенімен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі керісінше 19 атаудан 31-ге дейін ұлғайған. Бұл – нарықтық тетіктерден гөрі қолмен басқаруға әлі де басымдық беріліп отырғанының айқын көрінісі.

Бағаны шектеу, экспортты тежеу немесе түрлі реттеу механизмі бастапқыда қысқа мерзімге арналғанымен, жылдар бойы өзгеріссіз қалып, жүйелі шешімге айнала алмай отыр. Нәтижесінде, мұндай амалдар нарықты сауықтырмай, керісінше, өндіруші мен тұтынушы арасындағы теңгерімді бұзады.

Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін шетелге шығаруға қойылып отырған негізсіз шектеулерге де тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, экспортты шектеу – ішкі нарықты қорғаудың тиімді жолы емес, керісінше, агросектордың дамуына тұсау салатын қадам.

«Шенеуніктер нарықты дамытқаннан гөрі, оған шектеу қоюды жөн көреді. Себебі нарықты дамытудан көрі, тосқауыл қою әлдеқайда оңай. Мұндай әрекетті тоқтату керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Үкіметке тапсырма: өңдеуге басымдық

Осы орайда Мемлекет басшысы Үкіметке бизнес өкілдерімен бірлесе отырып, тамақ өнеркәсібін дамытудың жүйелі әрі нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды. Атап айтқанда, аграрлық саясаттың басты мақсаты тек егін егу немесе мал басын арттырумен шектелмеуге тиіс.

Ендігі басымдық – терең өңделген, сапалы әрі бәсекеге қабілетті отандық өнім өндіру. Тек осындай жағдайда ғана Қазақстан ішкі нарықты тұрақтандырып қана қоймай, экспорттық әлеуетін де толық пайдалана алады.

                                                                                               Назерке Ақберді

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Заңгер Гүлмира Біржанова: Мемлекет БАҚ-ты қарсылас емес, серіктес әрі қоғаммен байланыстырушы құрал ретінде қабылдауы керек

сурет ашық дереккөзден алынды “Медиа қолдау” ұйымының жетекшісі, журналистер құқығын қорғаушы заңгер Гүлмира Біржанованың айтуынша, Қазақстандағы