/

Бақытбек Бәмішұлы. Жазушылардың Жаңа Конституция жобасына көзқарасы

91 рет қаралды

Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған жазушылар мен шығармашылық қауым өкілдері бас қосқан жиын өткені туралы дер кезінде осы парақшамда хабардар еткен едім.

Ал бүгінде сол жиынның мән-маңызына тағы бір рет оралуды жөн көріп отырмын.

Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері – Жанарбек Әшімжан, Айдос Сарым, Анар Фазылжандар келген екен.

Келелі жиынды Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов басқарып, жүргізіп отырды.

Комиссия мүшелері бүгінгі қолданыстағы  Конституцияға реформа жасаудың, өзгерістер мен толықтырулар енгізудің алғы шарттары мен қажеттілігі, оның  көкейкестілігі мен өзектілігі турасында тиянақты ойларын ортаға салып, қаламгер қауымымен ашық-жарқын пікір алмасты.

Қаламгерлер тарапынан жазушылар Бексұлтан Нұржекеев, Смағұл Елубаев, Кәдірбек Сегізбаев, Марат Тоқашбаев, Сұлтанәлі Балғабаев, Бейбіт Қойшыбаев, Еркін Нұразахан, Жәди Шәкен және тағы басқа шығармашылық қауым өкілдері сөз алды.

Олар жаңа Конституция жобасына қатысты, Ұлт пен Ұлыс, Ел мен Жер, Тіл мен Діл тағдырына байланысты салмақты көзқарастарын ашық айтып, бұл істе бейжай қалмайтындықтарын, Жаңа Қонституция елдің жарқын болашағының кепілі болатына зор үміт артатынын жәнеде өздерінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын бүкпесіз, нақты жеткізді.

Айтылған  пікірлерге комиссия мүшелері Жанарбек Әшімжан, Айдос Сарым, Анар Фазылжандар мөртіне қарай толыққанды жауап беріп, осы ұсыныстар мен пікірлердің барлығын  Конституциялық реформа жөніндегі орталық комиссияға жеткізетінін айтты.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,

Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері Бақытбек Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар