/

Биыл 121 спорт нысаны салынады

53 рет қаралды

Биыл елімізде 121 спорт нысанын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің ресми Telegram-арнасында хабарланды.

Ведомство мәліметінше, ел аумағында спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыс жалғасуда.

Жоспарланған нысандардың бірқатары қазірдің өзінде халық игілігіне берілді. Атап айтқанда, Тараз қаласының Ұлы Дала шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға тапсырылса, Қызылорда қаласында «Қызылорда Арена» спорт кешені ашылды. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне берілді.

Сонымен қатар Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылысы аяқталуға жақын. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Ал Алматы қаласындағы Медеу мұз айдынын қайта жаңғырту бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр.

Аталған жобалар халықтың бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасап, кәсіби спорттың дамуына серпін беруді көздейді.

Айта кетейік, 2025 жылы елімізде 147 спорт нысаны пайдалануға берілген. Олардың 100-ден астамы ауылдық елді мекендерде, ал 40-қа жуығы қалалық аумақтарда салынған. Ірі жобалар қатарында Түркістан қаласындағы ескек есу арнасы мен Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы бар.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар