//

Олимпиада –2026: қазақстандық конькиші қыздар сәтті өнер көрсетті

51 рет қаралды

Фото: t.me/DRSQazaqstan/2631

Италияның Милан қаласындағы қысқы олимпиадада конькимен 3000 метрге жүгіруде сынға түскен әйелдер ақ аламанның кезекті медаль жиынтығын сарапқа салды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай аталмыш сында тәжірибелі отандасымыз Надежда Морозова 4:01.20 секунд нәтижесімен 6-орын иеленді. Тағы бір Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Голубева қашықтықты 4:03.30 секундта еңсеріп, 10-сатыдан көрінді.
Олимпиада алтынын италиялық Франческа Лоллобриджида (Италия) жеңіп алды.

Ол олимпиада рекордын тіркеді. 3:54.28 секунд. Екінші орынға Рагне Вилклунд (Норвегия), үшінші орынға Валери Мальтиас (Канада) ие болды.

Кеше бұл бағдарламада барлығы 10 жұп жарыс жолына шықты. Бүгін кешкі сағат 20:00-де ерлер 5000 метрге жарысып, кім мықтыны анықтайды.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар