/

Қазақстан Азия чемпионатындағы алтын санын екеуге жеткізді

55 рет қаралды

Фото: t.me/DRSQazaqstan/2615

Әйелдер арасында 3000 метрге жүгіру сайысында жарысқантқазақстандық Нора Джеруто Тануи Азия чемпионы атанды. Ол қашықтықты 8 минут 46,87 секундта еңсерді. Күміс жүлдені жапониялық Нозоми Танака (8:48.22), ал қола медальды қытайлық Сиа Лу (9:16.18) иеленді.

Айта кетейік, Нора Джеруто бұған дейін 1500 метрге жүгіру жарысында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Сонымен қатар үш қарғып секіру сайысында қазақстандық Мария Ефремова үшінші орын алды.
Айта кетейік чемпионаттың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының бессайысшысы Алина Чистякова қарсыластарынан оқ бойы озып, чемпион атанды.

Осылайша жарыстың аяқталуына бір күн қалғанда Қазақстан құрамасының еншісінде 2 алтын және 2 қола медаль бар.

Жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты 8 ақпанда мәресіне жетеді.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар