Фото: istockphoto.com
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ашық НҚА порталында «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы талқы жариялады.
Бұл жоба түпкі пайдаланушыны сәйкестендірусіз тіркелген қазақстандық операторлардың SIM-карталарын пайдаланып жасалатын интернет-алаяқтыққа қарсы күресуге бағытталған.
– Абоненттік нөмірлердің тіркелуін бақылауды күшейту және жеке басын сәйкестендірусіз SIM картаны сатуға шектеу енгізу ұсынылады. Осы түзетулер күшіне енгеннен кейін SIM картаны сатып алуды байланыс операторлары жүзеге асырады. Бұл алаяқтық әрекеттердің санын азайтуға мүмкіндік береді.
Абоненттердің қауіпсіздігін арттыру және алаяқтыққа қарсы күресу үшін байланыс операторлары арнайы байланыс орталығын құрады, онда пайдаланушылар алдау әрекеттері туралы жедел хабарлай алады. Мұндай шара алаяқтық схемаларды тез анықтауға, күдікті нөмірлерді бұғаттауға, құқық қорғау органдары үшін деректерді жинауға, сондай-ақ халықтың цифрлық сауаттылығын және операторлардың қызметтеріне деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, – делінген құжатта.
Әзірге жобаны онлайн талқылау күні жарияланған жоқ.
Динара Насыр
Парақшамызға жазылыңыз