Фото: Дүнниежүзілік таеквондо федерациясы
Еліміздің жас таеквондошылары Біріккен Араб әмірлігінде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екінші алтын медалін жеңіп алды.
Бұл жолы жаһандық доданың биігіне 65 келіден жоғары салмақта сынға түскен Сағынғали Жантөре көтерілді. Финалда украиналық Максим Шудженкодан басым түсті.
Сондай-ақ жарыстың үшінші күнінде Қазақстан қоржыны тағы екі қоламен толықты. Оны 47 келідегі Алла Цой мен 51 келіде бақ сынаған Аида Гожалимова иеленді. Араб елінің Фуджейра қаласындағы әлем чемпионатына 80 елден 811 жасөспірім таеквондошы қатысып жатыр.
Жарыс мамырдың 14-не дейін жалғасады.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз