/

Дархан Сатыбалды Алматы қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды

109 рет қаралды

Фото: aqorda

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Бұл туралы aqorda жазды.

Дархан Сатыбалды 2025 жылдың қаңтарынан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген еді.

Дархан Сатыбалды 1974 жылғы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және Қазақ гуманитарлық-заң университетін аяқтаған.

Экономика ғылымдарының кандидаты. Мамандығы – экономист-менеджер, заңгер.
Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданы Келес кеңшары бөлімшесінде қызметкер болып бастаған.
1991 жылы – Келес ауданы “Коммунизм” бөлімшесінде жұмысшы;
1996–1999 жылдары — Келес ауданының “Келес” МКК-да аға экономист, Ақмола облысындағы “Кураков и Ко” ЖШС-да бас бухгалтер болып қызмет атқарған;
2000–2002 жылдары — мемлекеттік мекемелерде бюджеттік рәсімдердің орындалуын бақылау басқармасында жетекші, бас бақылаушы-тексеруші;
2002–2006 жылдары — Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімінде референт, кеңесші, бас сарапшы және сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған;
2006–2007 жылдары — Астана қаласы әкімдігінің “Жылу” МКК директоры, Жоғарғы сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетінде жұмыс істеген;
2007–2010 жылдары — Білім және ғылым министрлігінде Бюджеттік департамент, Қаржы департаменті басшысының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған;
2010–2013 жылдары — Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы, Премьер-Министр Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі орынбасары;
2013–2015 жылдары — Шымкент қаласының әкімі;
2015–2017 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары;
2018–2019 жылдары — Шымкент қаласынан Сенат депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі;
2019–2022 жылдары — Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
2022–2025 жылдары — Түркістан облысының әкімі.
2025 жылдың 6 қаңтарында Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін Ерболат Досаев Тоқаевтың жарлығымен Алматы әкімі лауазымынан босатылған еді.

Жадыра Әділбекқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар