Роман алтын, Нұртаң күміс жеңіп алды

473 рет қаралды

Спорттық гимнастикадан Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ел спортшылары тағы екі медаль жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасында сынға түскен отандасымыз Роман Хегай жеңімпаз атанса, Нұртаң Ыдырысов күміс жүлдеге қол жеткізді.

Тұтқалы ат снарядының финалында өнер көрсеткен Романға төрешілер 13.8, ал Нұртаңға 12.866 ұпай берді. Ал үздік үштікті жапон спортшысы Харутоши Очаи түйіндеді. Оның өнерін қазылар 12.666 баллға бағалады.

Айта кетейік, осыған дейін Ыдырысов еркін жаттығудың финалында өнер көрсетіп, 8-сатыға (11.000 балл) табан тіреген.

Жекелей сындағы финалдар әлі жалғасып жатыр.

Түгелбай Бисен
Фото: Спортты дамыту дирекциясынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Желаяқтар қос қола иеленді

Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңіл атлетика додасында 3000 метрге жүгіру сайысында

Азиаданың сегізінші алтыны

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль

Азиададан тағы екі алтын түсті

Бахрейннің Манамада қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары қыза түсті. Бүгінгі жарыс күні де алтынмен басталды. Таеквондода

«Қайрат» ел чемпионы атанды

Футболдан ел чемпионатының соңғы турында “Астана” мен “Қайрат” Алматыда кездесті. Соңғы ойын нағыз чемпиондық матч болды.