/

Көк ту Корея көгінде жарқ етті

256 рет қаралды

Көк ту Корея көгінде жарқ етті. Алтын тағы да Қазақстан қоржынына келіп қонды.

Азия құрлығының ең мықтылары бас қосқан Чечхон қаласының гимнастика аренасынан тағы бір жағымды хабар жетті.

Қос сырықтың үстінде қазақ баласы Нұртаң Ыдырысов еркін самғады. Самғап қана қоймай, Азияның үздігі атанды.

Жасөспірімдер арасындағы жарыстың финалында ол дәлдік пен шеберліктің үлгісін көрсетті. Әр қимылы — таразының басындай тең, әр бұралысы — әуезді әндей әдемі. Нұртаңның өнеріне төрешілер де таңдай қағып, жоғары баға берді. Қорытындысында — 13.933 ұпай. Жеңістің кілті де осы сандарда жатыр. Бұл сында корейлік Ча Йеджун 13.833 ұпаймен күміске қол созса, үшінші орынды жапон гимнасты Томохару Тани 13.333 ұпаймен түйіндеді. Ал біздің Роман Хегай 13.233 ұпаймен төртінші орынға тұрақтап, жүлдеден қалыс қалды. Бірақ ол да жарады. Бұл — болашақтың үлкен уәдесі.

Түгелбай Бисен
Фото: Спортты дамыту дирекциясынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар