/

Қазақстандық ата-аналар енді балаларының instagram парақшасын бақылай алады

214 рет қаралды
1

Бұл жаңалық Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Meta компаниясының вице-президенті доктор Саймон Милнермен кездесуінде айтылды.

Кездесу барысында жасанды интеллектіні дамыту, кадрларды даярлау, киберқауіпсіздік мәселелері және балаларды қорғау  цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы талқыланған.

Meta бастамасы аясында Maqsut Narikbayev University қабырғасында мемлекеттік органдар, академиялық қауымдастық, қоғамдық ұйымдар және жастар өкілдерінің қатысуымен сала үшін маңызды іс-шара өтті. Онда кибербуллиңнің алдын алу шаралары, зиянды контентке қолжетімділікті шектеу, сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтары мен жеке шекараларын құрметтейтін онлайн-бақылау тетіктерін дамыту мәселелері қарастырылды.

Meta компаниясы 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларға арналған жаңа Instagram функциясы — «Жасөспірімдерге арналған аккаунттарды» таныстырды. Бұл функция аясында ата-аналар жасөспірім аккаунтына қол жеткізе алатын адамдар аясын шектей алады. Сезімтал контентті сүзгілеу мүмкіндігі бар. Пікірлер мен хабарламаларда қорлайтын сөздерді автоматты түрде бұғатталады. Жарияланымдарды бейтаныс қолданушылардан жасыруға, түнгі уақытта хабарламалар туралы ескертулерді өшіруге және пайдалану уақытын шектеуге болады.

Бұл функция халықаралық зерттеулер мен ата-аналардың сараптамалық ұсыныстары негізінде әзірленген. Жақын арада бұл мүмкіндік Қазақстандағы пайдаланушылар үшін қолжетімді болады деп күтіліп отыр.

Динара Насыр

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар