//

16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарады: цифрлық даму министрлігі тексерісті бастады ма?

93 рет қаралды
bus

Фото: istockphoto.com

Қазақстандықтардың жеке деректері бар 16,3 миллион жазба ашық тарап кеткен. Бұл ақпаратты Кибершабуылды талдау және тергеу орталығының президенті Олжас Сәтиев растады.

Massaget.kz-тің жазуынша 16 миллионнан аса жазба ашық тарап кеткен, бұл ел халқының басым бөлігін қамтиды. Тұрғындардың мынадай жеке мәліметтері тарап кеткен: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекен-жайы, тұрғылықты жері, телефон нөмірлері (ұялы, үй, жұмыс телефондары), азаматтығы, ұлты және тағы басқалары.

Сарапшының айтуынша, ақпараттар қалай тарап кеткені әзірге белгісіз. Бұрын тараған деректерді біріктіріп, кейін жабық Telegram арналарда сата бастауы мүмкін немесе бұл мүлдем жаңа жағдай болуы да мүмкін.

– Бұл – ауқымды оқиға. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ҰҚК жанындағы мемлекеттік қызмет не айтатынын күтеміз, олар да осы оқиғаны тергеуі керек, – деді Олжас Сәтиев.

Жеке деректердің таралуы туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме цифрландыру министрлігі мәлімдеме жариялады.

– Әлеуметтік желілерде азаматтардың жеке деректері тарады деген ақпаратқа байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.

ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, ұсынылған мәліметтердің шынайылығы мен өзектілігін анықтау мақсатында кешенді тексеру жүргізіліп жатыр.

Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар нәтижесінде бұзылуы тіркелген жоқ.

Тексеру толық аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасау немесе ақпараттың шынайылығын растау ерте, – делінген хабарламада.

Егер азаматтың дербес деректері тараған мәліметтер арасында болса, ол туралы электрондық үкімет порталы (eGov) арқылы жеке кабинетіне хабарлама жолданады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар