/

Қазақстандық актер Қытайда өткен фестивальде «Үздік актер» атанды

71 рет қаралды

Қытайдың Чунцин қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері халықаралық кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Биылғы фестивальге қатысушы мемлекеттер екі толықметражды фильмнен ұсынып, негізгі «Алтын камелия» байқау бағдарламасына қатысты.Бұл ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

«Үздік актер» аталымын қазақстандық актер Бақыт Қажыбаев иеленді. Бұл марапат оған «Набат операциясы» фильміндегі басты рөлі үшін берілді.

Актердің айтуынша, бұл – тек өзінің емес, фильмге жан-тәнімен еңбек сіңірген бүкіл шығармашылық топтың жеңісі. Ол шынайы оқиғаға негізделген бұл хикаяны жүзеге асырудың маңызын атап өтіп, барлық көрерменге алғыс білдірді.

«Набат операциясы» фильмі 1992 жылы Қазақстанда болған шынайы оқиғаға негізделген. Автобустағы 30 адамды кепілге алған лаңкестерге қарсы құқық қорғау органдарының арнайы операциясы адам шығынынсыз аяқталады.

Фильм Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.

Байқауға ұсынылған екінші қазақстандық туынды – режиссер Дархан Төлегеновтің «Ағайындылар» драмасы. Бұл фильм бұған дейін 15-тен астам халықаралық марапатқа ие болған, оның ішінде Oldenburg халықаралық кинофестивалінде Spirit of Cinema Award жүлдесі бар.

Биыл қазақ киносы фестивальдің фокус-секциясына ұсынылып, «Ағайындылар» фильмі арнайы бағдарлама аясында көрсетілді.
Байқау бағдарламасын ШЫҰ елдерінің танымал кинематографтары, тоғыз адамнан құралған халықаралық қазылар алқасы бағалады.

Фестиваль аясында кинонарық ұйымдастырылды. Қазақстанның ұлттық стендінде Ұлттық киноны қолдау орталығы мен Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының негізгі киножобалары ұсынылды. Онда 25-тен астам көркем, деректі және анимациялық фильмнің трейлерлері көрсетілді.

Чунциндегі ШЫҰ халықаралық кинофестивалі гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және ұлттық киноөндірісті дамытуға арналған маңызды мәдени алаңға айналды.

minber.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар