/

Алматы жолдарына трамвай қайта оралады

163 рет қаралды

Сурет: freepik.com

Араға 10 жыл салып, Алматы қаласына қайта трамвай жүргізу туралы шешім қабылданды.

Бұл жайлы Алматы бас жоспар ғылыми-зерттеу институтының директоры Асхат Сәдуов SHARE халықаралық сәулетшілер форумында айтты.

Асхат Сәдуовтың айтуынша, бұл шешімнің мақсаты – тұрғындарға 20 минут ішінде қаланың бір шетінен екінші шетіне қатынауға мүмкіндік беру. Трамвай жолы «Барлық» базарынан басталып, Төле би көшесімен өтеді және әуежайға дейін созылады. Егер келісімшарт EPC+F форматы бойынша жүзеге асса, трамвай желісі 5 жылда іске қосылуы мүмкін екенін де атап өтті. Оның бұл тақырыптағы сұхбатын elordamedia.kz-тің Instagram парақшасы ұсынды.

«Заманауи трамвайларда электробустағы сияқты батареялар бар. Қазір технология қатты дамып, энергияны тиімді қолданатын трамвайлар бар. Енді трамвай бұрынғыдай көп электр қуатын талап етпейді», – дейді бас жоспар ғылыми-зерттеу институтының директоры.

Трамвай Алматыда алғашқы рет 1937 жылы іске қосылған. Алайда 2015 жылы қатарынан болған екі ірі жол апатынан кейін бұл көлік түрі тоқтатылды. Азаттық радиосы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2015 жылы қатарынан болған екі жол апатынан кейін трамвай жұмысы тоқтады. 21 қыркүйекте болған алғашқы оқиғада трамвай 14 көлікті соғып, төрт адам зардап шеккен. 13 қазан айында тағы бір апат тіркеліп, үш адам ауруханаға түсті. Сол жылдың 31 қазанында қаладағы трамвай депосы жұмысы толық тоқтады.

Ақбота Абаева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар