/

Желаяқтар қос қола иеленді

401 рет қаралды

Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңіл атлетика додасында 3000 метрге жүгіру сайысында құрама мүшесі Аида Ақылбекова сәтті өнер көрсетті.

Ол 3 шақырымды 10:45.21 уақытта жүгіріп өтті. Бұл үшінші орын.

Осы сында өзбекстандық Анастасия Сильченко жарыс жеңімпазы атанса, екінші орынды Қытай спортшысы Юй Сяосюань иеленді.

Сонымен қатар дәл осы қашықтықта ұлдар арасында жарысқан Нұрболсын Мұрат жасөспірімдер Азиадасының қола жүлдесіне қол жеткізді.

Мұрат қашықтықты 09:07.81 уақытта жүгіріп өтті.

Тайбэй спортшысы Чен-Ю Ван жарыс жеңімпазы атанса, қытайлық Цзычэн Ли күміс жүлдеге ие болды.

Осы жарыста Бағлан Ермек сегізінші орынды иеленді.

Түгелбай Бисен

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Хоккейші қыздар ерлігі

Ыстамбұл қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионатының IIA дивизионы аяқталды. Аталмыш сайыста Қазақстан