//

Алматыдағы қарағай орманына не болған?

788 рет қаралды
DCIM100MEDIADJI_0428.JPG

Фото: akorda.kz

2021 жылы Алматыда қарағай орманы үшін 57 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Бірақ осы уақытқа дейін жұмыстың нәтижесіз екендігі белгілі болды.  Егілген қарағайлар жерсінбей, қурап кеткен.

Бұл туралы қоғам белсендісі Санжар Бокаев парақшасында хабарлап, видео жариялады.

– Сол кездегі қала әкімі Бақытжан Сағынтав Президент Тоқаевқа бұл жерде қарағай орманты болатынын айтып, көрсетті. Тек сметалық жобасы үшін 57 миллионнан астам қаражат бөлінген. Көргендеріңіздей саябақтың жағдайы осындай. Суару жүйесінің бірде бірі жұмыс істемей тұр, – дейді қоғам белсендісі видеода.

Ол видеода кімдердің, қандай компаниялардың ағаш отырғызғанын да көрсеткен.

– Тіпті президент отырғазған ағаш та қурап кеткен, – деді Санжар.

2021 жылы қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы жаңадан ашылған Қарағай саябағын аралап көрген.

Дәл сол кезде президентке Алматы қаласын көркейтуге бағытталған алдағы жұмыс жоспары мен көгалдандыру ісінің ауқымы туралы есеп берілген.

Мемлекет басшысына «Жасыл Алматы» бағдарламасы аясында қала бойынша үш жылда 1 миллион түп көшет отырғызу жоспарланғаны жөнінде баяндалыпты. Алайда жоспар іске аспаған.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Хоккейші қыздар ерлігі

Ыстамбұл қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионатының IIA дивизионы аяқталды. Аталмыш сайыста Қазақстан