/

Мөлдір Мұқанова және бірнеше танымал адам айыппұл арқалады

57 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған құқық бұзушылардың тізімін жариялады.

Олардың арасында соңғы кездері әнші және актриса ретінде де танылып үлгерген, блогер, продюсер Мөлдір Мұқанова да бар. Ол 589 800 теңге айыппұл арқалап отыр.

Министрліктің мәліметінше, жыл басынан бері заңсыз ұтыс ойынын ұйымдастырғандар 40 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеген.

– ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда заңсыз лотерея қызметін анықтау мақсатында тұрақты түрде мониториң жүргізіп келеді.

Мониториң нәтижесінде және жеке тұлғалардан Комитетке келіп түскен өтініштер негізінде биыл 89 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған тұлғаларға ескерту хаттары жолданып, офлайн және онлайн форматтарда түсіндіру кездесулері өткізілді. Әлеуметтік желілерде ұтыс ойындарын өткізген аккаунттардың тізімі министрліктің ресми сайтында жарияланды, – делінген ақпаратта.

Тізімде Әлия Байтугаева, әзілкеш – Мереке Қалбаева, блогер Дархан Жолшыбеков те  бар.

Хаттамамен келіскен жағдайда құқық бұзушылар айыппұлды өз еркімен төлейді, ал келіспеген жағдайда іс сотқа жолданып, сот тәртібімен қаралады.

ҚР ӘҚБтК 445-1-бабының 6 және 7-бөліктеріне сәйкес, лотерея операторы емес тұлға лотерея өткізетін болса, жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (жеке кәсіпкерлерге) 300 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Бір жыл ішінде осындай құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері жеке тұлғаларға – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 750 АЕК. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтан түскен табыс тәркіленеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар