/

Түркістан облысында 191 миллион теңгені жымқырған, 16 миллион теңге пара берген шенеуніктер тергеліп жатыр

50 рет қаралды
дереккөз: gov.kz

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдар басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр.

Қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бөлінген 191 млн теңге бюджет қаражатын бағынышты қызметкерімен сөз байласып ұрлаған деген күдікке ілінді.Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасының сайтында басшы ретінде Ерлан Күзембаев көрсетілген. Ол бұл лауазымға 2023 жылы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен тағайындалған.

дереккөз: Turkistan Tv

Сондай-ақ, қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша Ветеринария басқармасының басшысы оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру фактісі тексерілуде.Ветеринария басқармасының басшысы – Жәнібеков Ербұлан Әуелбекұлы. Ол бұл лауазымға осы жылдың мамыр айында тағайындалғаны белгілі.

дереккөз: Түркістан облысы ветеринария басқармасы 

Соттың санкциясымен көрсетілген тұлғалар қамауда отыр.

Бұл мәселе жайлы бұқара халық өз пікірімен бөлісіп жатыр:

Дереккөз:gov.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Зарина Мардан

Журналист

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Экологиялық сана әрекет пен жауапкершіліктен басталады

Пакизат Сайлаубекова, ана, эколог, подкастер                                                                                                                                                                                                                                                    Эколог, подкастер Пакизат Сайлаубекованың өмір жолы мен кәсібі