Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
Туризм және спорт министрлігінде 2026 жылғы ақпанда Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін ХХV қысқы Олимпиадада ел намысын қопғайтын ұлттық құраманың спорттық киім жиынтығы таныстырды.
Киімнің техникалық талаптарын келісу, үлгілерін бекіту және форманың сапасын бақылау мақсатында арнайы жұмыс комиссиясы құрылған. Туризм және спорт министрлігінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері мен танымал отандық спортшылар кірген топ құраманың спорттық киімінің эскизін бекітті. Қазіргі уақытта бұл эскиз Халықаралық Олимпиада комитетінде келісу рәсімінен өтіп жатыр.
Спорттық киім жиынтығы 22 атаудан тұрады. Оның ішіне Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаттарына арналған салтанатты форма, жарыс кезеңінде пайдаланылатын жылы сырт киімдер, оқу-жаттығу жиындары мен күнделікті қолдануға арналған жаттығу және күнделікті киюге арналған киімдер кіреді.
Ұлттық құраманың спорттық киімі демеушілер есебінен сатып алынған.
Туризм және спорт министрлігі 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға дайындық бойынша жоспарлы жұмысын жалғастырып жатыр.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз
