/

Екінші атом электр станциясы Жамбыл ауданында бой көтермек

52 рет қаралды

Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26 қаңтардағы қаулысымен Қазақстанда екінші атом электр станциясын салу үшін алаң белгіленді.Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

«Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысын (бұдан әрі – ядролық қондырғы) салу және Алматы облысының Жамбыл ауданы – ядролық қондырғы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын»,делінген хабарламада.

Бұл жоспарды өткен жылғы қазан айында атом саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссия белгілеген болатын. Атом энергиясы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев ұсынғандай, алаң Алматы облысының Жамбыл ауданы болып таңдалды. Ол екінші станция «елдің оңтүстігінде де болады» деп атап өтті. Себебі Қазақстанның оңтүстігі энергияға тапшы болып келеді. Ал екінші атом электр станциясының құрылысы «энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығы мен сенімділігін тудырады». Сондай-ақ, Сәтқалиев Қытайдан CNC компаниясының пайдасына түпкілікті шешім қабылданбағанын, бірақ Қазақстан оны «АЭС салу үшін басым мердігер ретінде» қарастыратынын айтты.

Үкімет өткен жылдың ақпан айында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын Алматы облысының Жамбыл ауданында, Балқаш көліне жақын орналасқан Үлкен ауылының маңында салу туралы ресми шешім қабылдаған. Ал 14 маусымда бұл нысанның құрылысын Ресей тарапы жүзеге асыратыны жарияланды. Жаңа энергетикалық жоба «Балқаш» атом электр станциясы деп аталады

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы атом электр станциясы дәл осы жерде – Алматы облысының Жамбыл ауданында биылғы 8 тамыздан бастап салынып жатыр.

Әсем Тугилова

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Хоккейші қыздар ерлігі

Ыстамбұл қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионатының IIA дивизионы аяқталды. Аталмыш сайыста Қазақстан