Жер жүзіне тарыдай шашылған қазақтың Қызғыш құсы, қоғамның қормал қайраткері, Қазақ әдебиетінің Қаратауы, алаштың Алтай таудай абызы, Алатаудай арысы, «Арыстан» дәрежелі балуан, қай қырынан қарасаң да келісті, көрген адам көңілі толып келісетін, замананың заңғары Зуқай (Зұлқарнай) Шәрбақынұлы 87 жасында дүниеден өтті. 04.04.2026 жыл. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үмбетәлі ауылы.
Зуқай Шәрбақынұлы бүгінгі буынның талғам, талабына бірден бір сай келетін сегіз қырлы бір сырлы, шын мәнінде мыңда бір жолығатын сирек, қазақтың нағыз ұлтшыл, зердесі түпсіз терең зиялысы еді. Бұның бәрі оның сыртқы әлеуметтік қыры болса, ал оның ішкі жан дүниесінің өзі айтып таусылмайтын, күн жырлауға түн жырлауға тұрарлық телегей теңіз, шомбал Тұлға болды.
Зуқай Шәрбақынұлы – болмысы бөлек, жан дүниесі кең, парасат-пайымы биік, адамгершілігі сарқып таусылмайтын көл, мейірімділігі шуақты, турашыл, әділеттілігі әйгілі, имандылығы мол, кісілігі көп Кісі, Қазақтың Қара нардай қайсар, қайыспас Қариясы еді…
Алаштың абызы, қазақтың көп жасаған қариясы, ағысы жылы Ақыны, адамгершілігі биік азаматы, ұлағатты ұлтшыл Ұлы, Зуқай Шәрбақынұлы туралы айтарымыз әлі алда!
Бақұл бол, алаштың ардагері, Зуқай Шәрбақынұлы! Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын! Бар қазаққа көңіл айтамыз!
«Мінбер журналистерді қолдау орталығы» атынан
Бақытбек Бәмішұлы,
Есенгүл Кәпқызы
Парақшамызға жазылыңыз
