/

ІІМ: Бес айда 58 мал ұрыларының тобы құрықталды

74 рет қаралды

Фото: gov.kz

Қазақстанда ішкі істер органдары жүргізген профилактикалық және жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде мал ұрлығы азайып келеді. ІІМ дерегінше 2026 жылдың бес айында 266 мал ұрлығы фактісі тіркеліп, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға төмендеген.

Жедел әрекеттердің арқасында мал ұрлығына қатысы бар 258 адам ұсталып, 58 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Сондай-ақ ұрланған 1730 бас малдың 1007-сі заңды иелеріне қайтарылды.

Нақты мысал ретінде Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 25 бас ірі қара малды ұрлаған қылмыстық топты құрықтады. Түнгі уақытта жүк көлігімен жайылымнан мал жымқырып, оны делдалдар арқылы сатып келген өңірдің үш тұрғыны қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар