Фото: www.akorda.kz
Ерлан Тынымбайұлы Қарин бұрынғы атқарған лауазымынан босатылып, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың жарлығымен ҚР Вице-Президенті болып тағайындалды. Құрылтай құрылғанға дейін ол Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі міндетін, ал 15 маусымнан бастап Құрылтай төрағасының орынбасары қызметін атқарған еді.
Айта кетейік, Президент бүгін Құрылтай отырысына қатысып, Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Вице-Президенті мен Премьер-министрінің кандидатураларын Құрылтай депутаттарымен келісті.
Мемлекет басшысының айтуынша, Вице-Президент мемлекеттік басқару жүйесінде айрықша рөл атқарады, сондай-ақ билік тармақтары арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді, Құрылтай депутаттарымен және Үкіметпен тығыз жұмыс істейді, Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді іске асырады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Вице-Президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасы депутаттардың басым дауысымен қолдау тапты.
ҚР Президентінің жарлығына сәйкес Ерлан Қарин ҚР Вице-Президенті болып тағайындалды.
Ал Олжас Бектенов Қ. Тоқаевтың жарлығымен ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.
Парақшамызға жазылыңыз
