//

Қазақстан палуандары U-23 әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алды

86 рет қаралды
фото: Olympic.kz

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы үш алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алып, жалпы жеті жүлдеге қол жеткізді.

Еркін күрестен Мерей Базарбаев 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды.

Грек-рим күресінде де қазақстандық палуандар жоғары нәтиже көрсетті. Айбек Айтбеков 60 келіге дейінгі, ал Юсуф Ашрапов 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Осы күрес түрінен 87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Темірлан Тұрдақын күміс жүлдегер атанды. Ал Арсен Жұма (55 келіге дейін) мен Джохар Узаров (130 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Әйелдер күресінен Шұғыла Өмірбек 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлемдік додада күрестің үш түрі бойынша жүлдегерлер қатарынан көрініп, ел қоржынына жеті медаль салды.

Түгелбай Бисен. 

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар