Теңге мен доллардың кезекті “раунды”

5184 рет қаралды

296970 (Custom)Ұлттық банк 5 ақпанынан бастап теңге-доллар жұбы валютасының тербеліс дәлізін кеңейтті. Яғни, осы күнге дейін қолданыста болған доллар үшін 150 теңге «плюс-минус 3%» дәлізі енді, доллар үшін 150 теңге «плюс 10%-минус 15%» дәлізіне кеңейтілді.

Енді теңгенің долларға шаққандағы бағамы $1 үшін 127,5 теңгеден 165 теңгеге дейінгі аралықта тербеледі.

“Ұлттық банк теңгенің нығаюы мүмкін дегенге көбірек сенетіндіктен валюталық дәліздің бір жағына қарағанда екінші жағы үлкен” дейді ҚазТАГ агенттігі. Бұл дәліз 5- ақпанынан келесі жылдың 20-шы наурызына дейін қолданыста болады.

Осыдан бір жыл бұрын теңгенің долларға қатысты бағамы құнсызданып, девальвация жүргізілген. Ел ішінде әрі қарай не болады деген толқу да болғаны рас. Десе де ұлттық банк уәдесінде тұрып, бір жыл бойы валюталық бағам өз дәлізінде сақталды.

Ал еліміздегі мамандар аталған жайтқа әртүрлі баға беруде. «Тенгри Финанс» аналитикалық орталығының директоры Бауыржан Төлеповтың ойынша, банк секторы қазір әлсіз. Сондықтан да қазір теңгенің тұрақты болуы ауадай қажет. Ұлттық Банктің негізгі мақсаты да осы. Әрі бізде теңге мен доллар арасын 150 деңгейінде ұстап тұра алатындай мүмкіндіктер бар.

Бауыржан Төлепов Қазақстанға теңгені құнсыздандыру да, оны күшейту де пайда әкелмейді деп санайды. Себебі бізде шетел валютасымен алынған несиелердің пайыздық мөлшері үлкен. Егер Қазақстан теңгенің құнын түсіретін болса, доллар мен еуро түрінде несие алғандарға қиын соғады. Өз кезегінде теңгенің бағамын да қатты көтере алмаймыз. Себебі бұл жайт ішкі бизнеске кері әсер етпек.

«Centras Security» орталығының сарапшысы Дамир Бабаназаров ұлттық теңгенің нығаюы бірден байқала қоймайды деп санайды. Себебі қазір қор нарығында доллар акциясы қымбаттап барады. Яғни, доллар өзге валюталарға қарағанда әлсіреуі мүмкін. Адамдар долларды артығымен сатып алып қойған. Сондықтан да теңгенің бірден құны артып кетеді дей алмаймыз дейді сарапшы.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі