//

Армияға шақырылсам, ипотекадан құтылам ба?

798 рет қаралды

рапапапАзамат

Өз атыма  25 жылға ипотекалық несие алғанмын. Бұл жағдайда банк алдында осындай міндеттемелерді алғаным үшін әскерге жіберу мүмкін бе? Бұл жағдайда осындай шешім қабылдауы мүмкін бе? Банктің төлемін кейінге қалдырам ба, не армиядан қалуым керек пе?  


Жауап:

Несие бойынша сіздің міндеттемелеріңіз әскерге шақырылудан не оны кейінге қалдыруға негіз болып табылмайды.
Әскерге шақырылу автоматты түрде банктің төлемдері бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды белгілемейді. Міндеттемені кейінге қалдыру тек банкпен келісіп қана жасалуы мүмкін. Ең алдымен банк пен сіздің араңызда жасалған несие келісім-шартын мұқият қарап, талдаңыз.
Банк пен несие алушы арасында жасалған келісім-шартта форс-мажор жағдайлары көрсетілуі мүмкін. Алайда, форс-мажор – бұл тараптардың еркі мен санасына тәуелсіз пайда болатын жағдайлар. Оған мысалы үшін табиғатты дүлей-күштері (жер сілкінісі т.б.) немесе соғыс жағдайлары, террористік қауіп жатуы мүмкін.  Бір қарағанда әскерге шақырылу да бұндай жағдайларға жатады деп көрінеді, өйткені  әскерге шақырылып отырған адамнан оның келісімін сұрамайды ғой. Алайда әскерге  шақырылу негіздері, ол әскерге шақырылу жасы және Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Заңында көрсетілген өзге де жағдайлар нақты әрі толық көрсетілген. Сөйте келе, әскерге шақырылу мүмкіндігі несие алған алдын ала көзделуі мүмкін еді. Сондықтан да олар міндеттемелердің кейінге қалдырудың негіздері болып табылмайды.
Сондықтан да сіздің жағдайыңызда: біріншіден, банкке жазбаша түрде несие келісім-шартында көрсетілген тәртіпте төлемдерді  уақытында төлемеу қаупі пайда болғанынын жедел түрде хабарлауыңыз тиіссіз. Екіншіден, банктен өз міндеттемелеріңізді  кейінге қалдыруды сұрауыңыз тиіссіз.

Дайындаған Жанерке

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар