Ергеншексіз есік дегеніміз не?

5789 рет қаралды
2

kkkЕрте заманда қазақ көшіп-қонып жүрген кезде киіз үйлердің (қара үй, ағаш үй) есігі де киізден жасалынған екен. Оның киізі де сырмақтың қалыңдығындай қалың әрі неше қатарланып сырылып, алуан түрлі өрнек, оюлармен әшекейленіп, көркемдеп ұстайтын болған. Бүгін ондай зат жоқ. Қазіргі той-томалаққа тігіп жүрген киіз үйлердің есіктерінің барлығы да ағаш есіктер, мұндағы заман үлгісі. Ал киіз есікті тарихи суреттерден, кино ленталарының кейбір эпизоттарынан, музейлерден көруге болады. Сол киіз есікті күн жылы күндері шиыршықтап есіктің жоғары маңдайшасының үстіне жинап қоятын болған. Ал басқа уақыттарда ол жабық тұрады. Киіз есік болғаннан кейін оның екі жақ жапсарынан көтере ашып еркін кіріп-шыға береді.

Қазақ бұрынғы заманда есігін құлып тұр ғой бір сабақ жіппен бекітпеген бейбіт ел ғой. Сол заманда, әсіресе, түн уақыттарында, адамдардың барлығы дем алып жатқан кезде үйге ұры ит кіріп кетпесін деп тал немесе басқа ағаштан кереге көздеп, торлап, сиырылып, жиналып, ашылып-жабылатын есікше жасаған. Оны кигіз есіктің ішінен орнататын болған. Соны ергеншек деп атаған. Жоғарыда айтқанымдай ол үйге бейсауат жанның кіріп кетуінен сақтаған. Бір сөзбен айтқанда үйдің ішін сырттан енетін пәлекеттен қорғайтын болған ғой. Ал енді мұны неге еске алып отырсың дегенге келетін болсақ, мәселенің мән-жайы мынада:

Халық аузында мақалға айналып кеткен «Отан от басынан басталады, мемлекет дегеніміз от басы» деген тұрақты сөз тіркестерін жиі қолданамыз. Олай болса мемлекетіміз Қазақстанның да есік-терезесі болу керек қой. Одан кім көрінген кіріп-шыға бермей, қоғауда бақылауда болуы керек емес пе? Солай да. Үй болғаннан кейін күй боллады, оның өзгеден өзгеше оңаша тірлігі болады. Яғни елдің де іргесі ашық-шашық жатпай ергеншекті болғаны жөн емес пе?

Халық «ергеншексіз есіктен ит те кіреді» деп бекер айтпаған болар. Халық айтса қалп айтпайды. Міне, осы тұүрғыдан келгенде, соңғы кезде үкіметіміздің Ресей, Белорусьпен аралықтағы кедендік үштік одаққа кіруі маған осындай жайды алаңдаттырады. Ал 2011 жылдан бастап арадағы кедендер мүлдемге жойылады дейді. Ендеше, есіксіз, ергеншексіз қалған деген сол емес пе? kk

Біз Ресей, Қазақстан, Белорусь болып кедендік одаққа біріктік. Ертең қырғыз бен өзбекті, түрікмен мен қытайды алалаймыз ба? Олар да адам баласы, олар да жеке дара мемлекет, ешкімнен кем-қор емес. Басқаға ашылған есігіміз оларға да ашылу керек қой. Сонда, ергеншексіз есігімізден ит те, бит те кіріп құртап кетпейміз бе? Баяғы да «теке болса да, жеке болсын» денен екен бір ешкі байқұс. Бүте берсек болашақта біз үйімізге құлып тұрмақты, есік те салмайтын болатын шығармыз. Пәтер, үйіңнің сыртқы есігі түгіл ішкі бөлмелеріне бір-бір темір есіктен салып, неше жерден құлыптап, бейне бақылау орнатып, өзімізден өзіміз күдіктеніп, қуыстанып жүргеніміз де түкке тұрғысыз болады деңіз.

Ау, ағайын, сонда біз алғашқы қауымдастық қоғамға қайтып келеміз бе? Мынау, шығыстағы жеткен жапондықтардың алты мыңға жуық аралының өзіне кіріп-шықанына қарауыл қойып қойған дейді. Сонда бізідікі не? Таусылмай жатқан байлығымыз, ішілмей жатқан айранымыз, жұтылмай жатқан жұртымыз бар ма?

Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Қазақтың нағыз киіз үйін көргіңіз келсе жазда Маңғыстауға келіңіз.Сіздің айтып отырған киіз есік әлі қалған жоқ бар .Іші оюланған шимен сырты киізбен қапталған киіз үйі бар Манғыстаулықтардың бәрінен көруге болады. Жалпы Маңғыстау ұлттық өнердің бастаушысы ғой (әсіресе қазақтың киімдері). Ал қалған аймақтар көшірушілер гой.Ұлттық салт дәстүрі айырықша,өзгешелігімен ерекшеленеді.

Гулшат жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері