/

Кеудеңе зерлеп қайғыңды қара көмерсің

670 рет қаралды
1

Ақсаттың құдай,
алашты неге жетеден,
Бұғалық қысқан бұзылды Арлы Жеті өзен.
Жесірдей зарлап,
жетімдей боздап жеті бел,
Өлімді ана,
бөлінді бала шешеден…

Аспанды,
Жерді асқақтап дейміз меңгердік,
Шүрегей құрлы қауқарсыз жеңді менмендік.
Меңзеңбіз мүлде,
Жын соққан жандай мәңіріп,
Көңілді не деп айтуға батпай сенделдік!

Кінәні өксіп,
өзіңе жауып көнерсің,
Кеудеңе зерлеп қайғыңды қара көмерсің.
Қайысты қасаң,
қайыстай елің қан жұтып,
Көзімнен ұшқан,
көкейден кетпес көгершін.

Шаршатты басты,
Шамадан асқан жалғандар.
Қасырет бұлтын қараңғы түнде жарғандар!
Жүзіңе түзу қараудың өзі қиын-ай,
Қапыда басқан,
Апаттан аман қалғандар!

Апаттан Қызыл ағашта аман қалғандар,
Арманды асыл қиылған қыршын жалғаңдар!
Кесіліп мұзға,
Шешініп сызға,
Жан қиып,
Тарихқа атын қанымен қызыл жазғандар!
Арманды асыл жалғанға мынау жалғаңдар!
Жалған бар!
Жалғаңдар!

PS:

…Жазмыштан озып бақиға жолын салған бар,
Жайқалған гүлдер, осында оттай жанған бар!
Бас иіп барсаң,
Тоқтап өт,
Қызыл ағашқа!
Табылмай мұнда, астында топан қалған бар!

Б.Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Шындығы осы. Қолдан жасалған қамалған судан қырылғанша қайран ел соғыста өлсе өкінбек едік қой!

Нарсын жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Дос Көшім, саясаттанушы: Президенттің басым дауыспен жеңіске жетуі – авторитарлық жүйенің қалыптасқан қағидасы. Өйткені Президент өзгелерден оқ бойы озық болуы керек

Қазақстанда 2022 жылдың 20 қарашасына кезектен тыс сайлау өтті. 81 пайызбен атқарушы Президент Қ.К. Тоқаев басым