Министр не деді?

709 рет қаралды
8

гүлшара 1Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің кеңсесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова Алматыдағы әр жылдары шет елдерден оралған азаматтармен кездесті.

Кездесуге Қазақстанға әр жылдары Қытай, Моңғолия және Түркиядан оралған қандастарымыздан бір топ адам қатысты. Оралмандар бұған дейін шешуін таппаған толғақты мәселелер төңірегінде ой бөлісіп, көші-қон проблемаларын шешудің оңтайлы жолдарын ұсынды. Бұл ретте мәселе ең әуелі Мәжіліс талқысына келіп түскен «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы төңірегінде өрбіді. Бүгінде халық қалаулылары мен көпшіліктің басты назарын аударып отырған бұл заң жобасында шикіліктер мол. Мәселен, шеттен келген оралман мемлекеттік көші-қон квотасына ену үшін, азаматтық алуы үшін келген мекеніне тұрақты түрде түркелуі керек. Ал, заң жобасында тіркеу мәселесін бұрынғыдан да күрделендіру көзделіп отыр. Сондай-ақ, оралмандардың интеллектуальдық қуатын пайдалану жағы әлі күнге ақсап жатыр. Құзырлы орган – Көші-қон комитетінің төрағасы әрбір мәлімдемесінде оралмандарға топырақ шашып, оларды «білімсіз» деп кемсітуден танар емес. Сондай-ақ, азаматтық алу мәселесінде де, оралман куәлігінің мәртебесінде де проблемалар жеткілікті.

Екіншіден, қазіргі таңда ең өзекті болып саналатын мәселе – Қытайдан қазақ көшінің тоқтап тұрғандығы. Ауыт Мұқибекұлы жыл басынан бері, 65 отбасын 191 адамның тізімін Көші-қон комитетіне өткізгенін, бірақ, Қазақстан тарапынан құзырлы органдардың шақыру мәселесін бүгінге дейін неге созып келе жатқандығын түсінбейтіндігін жеткізді.

Оралмандардың барлық мұң-мұқтажын тыңдаған министр ханым әрбір сауалға жауап беріп, қордаланған проблемалардың шешілуіне мұрындық болатындығын айтты. Көші-қон проблемалары тек бір ғана министрліктің құзырындағы дүние емес. Ол – Ішкі және Сыртқы істер, Білім және ғылым министрліктеріне де көп қатысты. Сол себепті бүгінгі айтылған проблемалардың шешуі бір кездесуде шешіле салуы мүмкін емес. Министр аталған мәселелерді өзге министрлік өкілдерімен бірлесе отырып, заң жобасын жетілдіруге және олардың шешілу жолын оңтайландыруға уәде берді.

Сонымен қатар, министр Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішевтің оралмандар жайында айтқан оспадар пікірінен де хабардар екенін айта отырып, төрағаның бұндай пікірлерді айтуына енді жол abishevберілмейді деді. Алайда Қабылсаят (Хабылсаят) көптің бірі емес, ол Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің білдей комитетін басқарып отырған, үкіметтік өкімдігі шоң шомбал шенеуіктердің бірі. Ендеше министрдің үкіметтегі үдесіне, орнына сай емес, орма ауыз Қабылсаяттың өрескел қадамын үзілді-кесілді тиюдың орнына миристр «енді жол берілмейді» деп қана жылы жауып қоймағы, әрине, түсініксіз болды. Сонда, министр Қабылсаяттың үнемі аузын бағып жүре ме?
«Мінбер-ақпарат».

Парақшамызға жазылыңыз

8 Comments

  1. Қарға қарғаның көзін шұқымайды. Олай болса, олай демегенде не десін министр ханым?!

  2. Ғалампарақтарың,”версайт” іөте қарапайым ,нағыз журналистика стиліне сәйкескен, қысқа да нұсқа ақпарат беретін ,өте жақсы, қазақ ғаламторында ерекше орынға ылайық ақпарат құралы екен.Істеріңіз ілгері,еңбектеріңіз жемісті болсын! Мұңғылдан Кеңес

  3. Мемелкеттік қызмет этикасын өрескел бұзған комитет төрғасына Министр ханым тым болмаса сөгіс жарияламауы қалай? Ол қазақ халқының бірлігіне және қазақ ұлтының намысына бір емес, осымен бірнеше мәрте тиіп отыр. Оны қазақтар ғана емес, айдай әлем мен шетелдік дипломатия бақылап отыр және келеке етіп күліп отыр. Шеттегі ағайынға жәрдем жасайтын Комитет төрағасының түрі, сөзі, ұстанымы мен пайым-парасатының түрі анау. Сондықтан алдағы уақытта осы мәселені қазақ ұлтының бірлігі мен 21 ғасырдағы бет-бейнесі туралы арнайы кеңес талқылау блог ұйымдастыру абзал және осыны бас болып Мінбер өз мінберінен талқылау қажет Жалпы ҚАЗАҚ ҰЛТЫ зиялысы, бұқарасы, байшікештері, жастары, іштегі сырттағы қарапайым азаматтары, тобыры не қалде не болып бара жатыр. Барлығы көксейтін бірлік пен Елбасы әспеттейтін ел бірлігі мен ынтымағы мәселесі қалай не қалде, не болып бара жатыр? Осы мәселе толғандырмай ма Сіздерді қымбаты қандастар? Мәселе Қабылсаятта емес, ол кеткенімен ертең тағы бір Әбішев келеді Бұл ресми Үкіметтің ұстанымы, жеке К.Мәсімовтің тасадан жүргізіп отырған мысықтабан саясаты емес пе? Неге ұлғайып, сырқаты дендеп барады? Сіздер қалай ойлайсыздар?

  4. шамасы Қабылсаят мырза мен Гулшавра ханым Елбасы Н.Назарбаевтың шетелдегі отандастарды қолдау бағдарламасы мен демографиялық саясатына қарсы болғаны болар? Себебі Елбасының айтқан сөздеріне бұл шенеуніктердің іс-әрекеті қарама-қарсы келіп тұр ғой!

  5. Құрметті әріптестер, әуелі ақпарат құралдарында “Оралмандармыз” деп жар сала бермеңіздерші. Елбасы осы атауды өзгертіңдер деді, арнайы құжаттарда өзгертілді, енді келіп өзімізді-өзіміз осы бір ата өшкір есімнен аластайықшы. екіншіден, Қабылсаятқа қарап тұрған ештеңе жоқ. “ит үреді керуен көшет”. ол оттады екен деп қазақ көшін тоқтатпайды.

  6. Құрметті оқырман! Бізге ынта қойып, пікір жазғаныңызға рахмет. Бірақ, сіздің пікіріңіз жеке бас аразыдғы тұрғысынан туындап отырған сияқты. Ал, біз БАҚ туралы заңға сүйене отырып, ондай пікірлерді жариялай алмаймыз.

кеңес жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар