/

«Қайрат» ел чемпионы атанды

721 рет қаралды
«Қайрат» ел чемпионы атанды

Футболдан ел чемпионатының соңғы турында “Астана” мен “Қайрат” Алматыда кездесті.

Соңғы ойын нағыз чемпиондық матч болды.

Өйткені Астана жеңсе алтын жүлде алатын еді.

Ал алматылық клубқа тең ойынның өзі жеткілікті болатын.
Ойын басында “Қайрат” басым болды. Бірақ астаналық Марин Томасов есеп ашты.

Екінші таймда алматылық клуб бапкері алаңға Элмилсонды шығарды. Қысымын екінші таймда да бәсеңдетпеген “Қайрат” дегеніне жетті.

Ойынның 55-минутында Дастан Сәтбаев есепті теңестірді. Ал ол есеп матч соңына дейін сақталды. Осылайша “Қайрат” екінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды.
Астана күміс, қостанайлық “Тобыл” қола, семейлік “Елімай” төртінші орын иеленді.
Сол төрттік келесі маусымда ел намысын Еурододада қорғайды.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар