Кәрім Мәсімов: Әрбір қазақстандық қазақша сөйлеуі тиіс

1742 рет қаралды
7

ACYO20QCA51P95VCA9BDTYDCA51ZQMVCAUUSEUXCA4IQR7ICAWK1TQRCAU7ZCP5CAD9TUF5CANYBS2MCA3D17UICAT3VPAJCAUSAWXTCA6A4JJ1CA4NJWA4CANHVNNTCAIBDFDOCART08EKCAK1LYIJCAV0XNGX20-қаңтарда Мәдениет министрлігінің коллегия мәжілісіне қатысқан ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанда мемлекеттік тілдің дәрежесін арттыру ісі жалғаса беретіндігін айтты: «Биыл – 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту мен қалыптастыруға арналған мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуының алғашқы жылы. Сондықтан Мәдениет министрлігі мемлекеттік тілдің дамуына айрықша мән беруі тиіс. Өзге тілді құрметтей отырып, ана тіліңнің дәрежесін арттыру керек. Әрбір қазақстандық қазақ тілінде сөйлеуі тиіс», – деді.

 

БАҒДАРЛАМА ҚАШАН ҚАБЫЛДАНЫП ЕДІ?

 

AN3P8QGCA8L6EI2CATB5HZSCAFKOZMCCAKNS7U3CAKMU7XXCAZKD10CCAXDB1WPCACUH75ICAZKVKMICAY918XYCAHX01KICA7BO0S1CA9IP7A1CAOSNUILCANYCD5GCA6SZ1K8CAEHS848CAWQOAXBCA2CA14GЕгер, естеріңізде болса, былтыр тамыз айында Мәдениет министрлігі «Тілдерді дамыту мен қалыптастырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» ұсынған болатын. Қоғамда осы бағдарламаға орай түрлі пікір туындаған болатын. Премьер-министр бағдарламаға орай айтылған сын-ескертпелерді ескере отырып, оның қабылдану уақытын қазан айы деп белгіледі. Бірақ, неге екенін қайдам, одан кейін жоғары мінбер оны талқылауды да, қабылдауды да белгісіз мерзімге ысырып қойды. Бағдарламаның қабылданғаны туралы ақпаратты ешқайдан естімедік. Соған қарамастан, бағдарламаны іске асыру мерзімі басталып кетіпті.

Біздің таң қалдырып отырғаны да сол, бағдарлама қашан қабылданып еді?

 

МАҚТАБИКЕМЕН ТІЛДІ ӨЗ ТҰҒЫРЫНА ҚОНДЫРА АЛАМЫЗ БА?

 

Бағдарламаның өзіне келетін болсақ, онда мемлекеттік тілді дамытудың нақты механизмдері көрсетілмеген. Бар айтары – 2020 жылы қазақ тілінде сөйлейміз!

Бірақ, «қалай, қайтіп?» деген сұрақтарға жауап іздегенімізбен таба алмадық. Мемлекеттік тілді жүзеге асыру үшін ең әуелі қажеттілік пен мәжбүрлік қажет болатыны жайында қанша айтылғанымен бағдарлама авторлары ол жайында басын ауыртпайтын секілді.

Біріншіден, мемлекеттік тілді тұғырына қондыру үшін әуелі Конституцияның 7-бабына өзгеріс енгізу қажет! Конституциядағы 7-баптың 1-тармағындағы «Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деген сөйлемді, осы баптың 2-тармағындағы «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деген сөйлемнің мысы басып тұр. Демек, ең әуелгі өзгерістер осыдан бастау керек. Екінші, мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талапты күшейту, «Мемлекеттік қызмет» туралы заңға мемлекеттік тілді білмейтін адам қызметке орналаса алмайды» деген талап енгізу керек. Заңда осындай нақты талаптар болмайынша тілдің көсегесін көгерте алмайтындығымыз анық. Ал, мына бағдарламаны қарап отырсаңыздар, ондай нақты механизмдер көрсетілмеген, тек майдабикелей отырып, орыс тілінің көсегесін көгерту, оның дәрежесіне шәк келтірмеу жағы көбірек қарастырылғандығы байқалады. Мемлекеттік тілді үйренген өзге ұлт өкілдерінің жалақысын арттыру көзделеді. Бұл дегеніңіз, мемлекеттік тілді білетін титульді ұлт өкілдерінің құқығын аяққа таптау ғой.  

Міне, осындай түйткілді жайттар туралы бағдарлама талқыланып жатқан кезде газетке жазған да дік. Бірақ, қоғамдық пікірдің қаншалықты қабылданғаны беймәлім. Әйтеуір, бағдарламаны жүзеге асыру уақыты басталып та кетіпті. Демек, енді он жылдан қазақша сөйлейміз дегеніміз де жалған боп жүрмесе неғылсын!

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Шын айта ма екен, Ә!
    «Әр бір қазақстандық қазақша сөйлеуі керек, Қазақстан мемлекеттік тілдің мәртебесін күшейту іс-шараларын жалғастыра беретін болады» деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

  2. “Шын айта ма” демелік! Шындыққа айналуына ұмтылыс жасалық. біздегі жаман әдет, біреу бастау керек немесе істеуі керек. Халық билікке міндет қоялық. Я, бұрын орындата алмаған шығармыз, біркақ, Аллаға шүкір орындап келе жатыр! орндайды да!

  3. Өкіметтің ісіне қарап туындап жатқан ой ғой. Өкімет пен өтірік егіз ғой деймін.

  4. Дұрыс-ақ, дегенмен Елордамыз Астана халқының өзі әлі күнге дейін орыс тілінде сөйлегенде, басқа қалалар мен елді мекендерге не шара?! Өкімет айтты екен деп барлығы дерлік бір ойға келе қоймайды ғой. Әйтсе де, “үмітсіз шайтан” деп, басталған істі құптау керек. Он жыл тұрмақ, мейлі, жиырма жыл өтсе де сабырлы да шыдамды халықпыз. Әйтеуір, 2030 жылы барлығымыз таза қазақ тілінде “сайрап” жүреміз деген ойдамын.

  5. Темірді қызған кезде соқ. Әйтпесе, кей нәрсе кеш болып кетсе, қайтып қоға түспей кететіні болады. Абай өкінген.

  6. Тек казак казакпен гана еме, орысы да, кариси де, уйгыры да, татары да – бари-бари казакша сойлессин !

  7. Бұның бәрі де бекер, ең алдымен Қазақстанда қазақ тілін уйрететін қаражатсыз курстардың ашылуы керек! (!!!! ИМХО !!!!)

Tomiris жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері