Президент жолдауы – 2011

2349 рет қаралды
24

назарҚаңтардың 28-інде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дәстүрлі халыққа Жолдауын жолдады. Парламент палаталарының бірлескен отырысында жолданған Жолдау 55 минутқа созылып, тікелей эфирден көрсетілді.

 

ІШКІ ЖАЛПЫ ӨНІМДІ 30 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН АРТТЫРУ

 

Тарих сахнасында жеке Қазақстан деген атпен мемлекет атанғанымыздың 20 жылдығы қарсаңында жолданған бұл Жолдау еліміздің 20 жылда жүріп өткен жолын бағамдап, бағдарлай отырып, биылғы стратегиялық мақсатымызды айқындап берді. Президент осы жиырма жылда Қазақстан экономикасының қарыштап дамығандығын айта отырып, өзгелерді деміктіріп кеткен дағдарыстың Қазақстан экономикасын айналып өткендігін баяндады. «1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 700 доллардан сәл ғана асқан болса, 2011 жылдың бірінші қаңтарында бұл көрсеткіш 12 есеге дейін артып, 9 мың долларға жеткен. Бұл деңгейге 2015 жылы жету жоспарланған еді» деді Елбасы.

 

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, тәуелсіздігін алған жас мемлекеттердің ешқайсысы алғашқы 20 жылдықта бұндай табысқа қол жеткізбеген екен. Президент 2010 жылғы халыққа Жолдауында Индустриальды-инновациялық даму бағдарламасын жариялағанын айта отырып, оның өзіндік нәтижесі бар екенін де тілге тиек етті: « Біз бір жыл ішінде 152 кәсіпорынды пайдаға беріп, 24 мың қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз еттік» дей отырып: «2014 жылға дейін құны 8,1 триллион теңге тұратын 294 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 161 мың тұрақты жұмыс орны мен құрылыс кезінде 207 мың жұмыс орнын жасау көзделіп отыр» деп жалғастырды «Жеделдетілген экономикалық модернизация» атты бірінші тарауында.

 

Бұл тарауда 2020 жылға дейінгі экономикалық стратегия айқындалған. Айталық, онда 2020  жылы Ішкі жалпы өнімді 30 пайызға арттыру, Ұлттық қордың Ішкі жалпы өнімдегі активтері 30 пайыздан кем болмау, экономиканың шикізат емес секторында отандық және шетелдік инвесторлардың инвестициясын 30 пайызға дейін,  ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 40 пайызға дейін, ауыл шаруашылығының еңбек өніңмділігін 2014 жылға дейін екі есеге, 2020 жылға дейін 4  есеге дейін арттыру көзделген. 2020 жылы адам саны 18 миллионға жуықтайды деп болжанады Жолдауда.  

 

ӘЛЕУМЕТТІК МОДЕРНИЗАЦИЯ ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ

 

Биылғы Жолдауда халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту мәселесіне ерекше маңыз берілген. Ол үш басымдық бағытта өрбиді. Біріншісі – білім беруді дамыту, екіншісі – денсаулық сақтау саласын жақсарту, үшінші – тілдерді дамыту. Осы үш бағыт негізінде былтыр мемлекеттік бағдарлама қабылданған.

Бұл ретте білім беру мен денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі ұлғайтылып, тілдерді дамытудың механизмдері айқындалады. 2020 жылы мектеп түлектерінің барлығы мемлекеттік тілді еркін игеріп, Қазақстан халқының 95 пайызы қазақ тілінде, тағы да 95 пайызы орыс тілінде емін еркін қарым қатынас жасай білетін болса, 20 пайызы ағылшын тілін меңгеруі ескерілген.

 

2015 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын – 70 жасқа, 2020 жылы – 72 жасқа дейін ұзарту көзделіп отыр. Елбасы өз Жолдауында жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы оның мамандық алуына жұмсалуы қажеттігіне ерекше мән берді. Басты мәселе – жатыпішерлік пен масылдықтан арылту. Сондықтан да халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше ден қойылып отыр. Сондай жобалардың бірі екі жыл бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан «Жол картасы» бағдарламасы. Биыл зейнетақы мен шәкіртақыны, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға өсіру жоспарланып отыр. Екі жыл қатарынан бұл төлемақылар 25 пайызға артқан болатын.

 

2011 жыл – Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы

 

2011 жыл Президенттің Жарлығымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп жарияланғаны мәлім. Бұл ретте мемлекеттік комиссия құрылып, іс шаралардың жалпыұлттық жоспары бекітілген: «Бұл – жалпыхалықтық іс, мен Үкіметке инвесторлар мен бизнес қауымдастықтың, қазақстандықтардың бұл іс шаралардың жүзеге асырылуында күш біріктіруі жайында тапсырма бердім. Біздің мерейтойымыздың ұраны – «Бейбітшілік пен жаңа қоғам құрудың 20 жылдығы» деп аталады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолының базалық құндылықтары – Еркіндік, бірлік, тұрақтылық және даму қалыптасты» деді Елбасы.

Сондай-ақ, Елбасы Жолдауында референдумға қатысты өз ойын да білдіре кетуді жөн көріпті. Президент халықтың сенімі мен қолдауына ризашылығын білдіре отырып, өз өкілеттігін референдум арқылы созуға тым кетәрі еместігін танытты. Дегенмен, шешім Конституциялық кеңестің бұл істің Конституцияға қаншалықты сай келетіндігіне орай қабылддаған шешіміне байланысты болатындығын бас айтып кетті.

Бір айта кетерлігі – Жолдаудың, әдеттегідей кіріспесі мен қорытындысы ғана қазақ тілінде болды. Жалпы, 55 минуттың 50 минуты орыс тілінде айтылды.

Есен Байнұр.

Парақшамызға жазылыңыз

24 Comments

  1. «1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 700 доллардан сәл ғана асқан болса, 2011 жылдың бірінші қаңтарында бұл көрсеткіш 12 есеге дейін артып, 9 мың долларға жеткен” Ал, СТУДЕНТТЕРДІҢ шәкірт ақысы 9 мың теңгеден сәл асады. 40 студеннт кредит алуға мәжбүр. Студенттің тең жартысынан астамы ақылы бөлімде оқиды. Осы ма жеткен жеріміз? Ұстаздардың жайыда мәз емес. Тіл жайлы айтарымыз жоқ. а, айтарға тілім жоқ. Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойламақпыз,……… Елдің ертеңіне деген үміттің оты өшіп-сөніп, өшіп-сөніп тұр!

  2. Патшанын “бисмилласы” қазақ тілі екен. Өз елінің туған тілін менсінбейтін, сол тілде сөйлемейтін президентті неге әлі аспандатып, елбасы етіп келеміз.

  3. Ассаламуалейкум!!!шүкир.казір мемлекетіміз тыныш.басқа мемлекеттермен салыстырғанда!!Египет,Ирак,Палестина деген елдерге қарағанда.Бірақ халық мұң-мұқтажына ағаларымыз құлақ артпайды.Мұнайымызды 24сағат Кытай сорып жатыр,компанияларымыздың иелері шет мемлекеттер. Енді қалғаны өз тілімізді жоғалту.Намысқа тырысуымыз қажет!кейін балаларымыз ағылшынша,орысша сайрап отырмасына кім кепіл?!!Қазақ өз жерінде қорланып жатыр!!!!Әділеттілік жоқ Қазақстанда!!!!!

  4. Негізі әр адамның өзінің орны мен уақыты болады ғой. Жолдаудың мәтіні әдемі әсерлі болғаны не керек, егер ол шындыққа сәйкес болмаса. Бәрінің айтатыны бір сөз Еліміз тыныш, жеріміз тыныш деп. Шын мәнінде бізге соны құлағымызға құйып отырған жоқпа. Барлық жасағаны үшін президентке әрине рахмет, бірақ енді көзі, жүрегі жас адамдар керек. Креслоны бермей отырып алғанша, соны да ойлаған жөн сиякты.

  5. Ассалаумагалеикум!!! Шыны керек студенттердің жағдайы нашар.
    Неге студенттердің жағдайын жасамайды.

  6. Ассалаумагалейкум!!! әрине мен бәрініздің пікірлерінізге косылам бірақ қазіргі таңда ҚР-ның саясатында, еліміз басқа елдерге 88% қарыз екен. президент аусатын болса келісім шарттардын бәрі бұзылатын сияқты. Менің ойымша қазақ елі қайта Россияға бағынатын сияқты

  7. Жолдаудың 50 минуты орысша деген не деген сұмдық??? неге 50 минуты керісінше Қазақ тілінде емес а?? Тіліміз құрыса едімізге де қауіп төніп тұр емес пе?? осы мәселеге ойлану керек сияқты, достар!!!

  8. Неге біздің елді барлықтарыңыз соғыс болып жатқан Египет,Ирак,Палестина сяқты елдермен салыстырасыздар, неге дамыған елдермен салыстырмасқа. Біз басқалар сияқты кедей мемлекет емеспіз. Құдайға шүкір, пайдалы қазбаларға бай мемлекетпіз, Мұнайы бар мемлекеттердің біріміз. Басқа мұнай шығаратын мемлекеттердің жағдайы қалай?, біздікі қалай? Біздің байлықты билік басындағылар халыққа бермей өздері жейді. Тек қана өз қалталарын ойлайтындар. Әйпесе осындай Қазақстанның байлығымен, біз өте бай тұруымыз керек. Қазақстанды жағдайы нашар мемлекеттермен салыстырып, халықты тектен текке алдауда. Бізде ауылдың жағдайы мүшкіл, пособие деген тіпті аз. Айта берсек көп қой…

  9. Асаляму алейкум жамагат! Жүрегі “Қазақ” деп соғып, ел жағдайын ойлайтын жастар барына қуанамын! Ертеңгі ел сіздер мен біздердің қолымызда! Алла Жар болсын!

  10. армысыздар ардакты агайын. Алаш елі үшін жүрегі дүрсілдитін

  11. қазіргі қазақ жастарының, әсіресе жас отбасылардың жай-күйі оралмандардан да төмен. Атамекеніне оралған қандастарымызға баспана, өтемақы төленеді. Ал Қазақстанда туып, ержеткен қазақ жастары 1 бөлмелі пәтер алу үшін жалақысының басым бөлігін 20 жыл бойы ипотекаға төлеп, өз елінде қаналып жүр. Еліміздің ұлан-байтақ жері бар мақтанғанда сондаймыз, сол жерге баспаналар салып, қазақ жастарына ақылға қонымды аз пайызбен сатуды қолға алатын ҚАЗАҚ қашан туады екен!!!

  12. Балық басынан шіриді демекші.Неге?Неге?Неге?Өз тілін басқа тілдерден кемсітеді.50 минут Қазақша сөйлесе,5 минут Орысша сөйлесін сол жетер едігой..Қазақша түсінбейтін Қазақтар болса немесе басқа ұлт өкілдері Елбасы не айтты деп ізденіп жүгірсін.Қайдан олай болсын???Менің қайран тіліім-ай.Сен үшін қан жылаймын.

  13. өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте деп бекер айтпаса керек атам ҚАЗАҚ

  14. Лаура, былай деген қазақ емес, Қадыр Мырза Али болатын. Бүгінгі қазақ өз тілін жеттік біліп, ал өзге тілді құрметтеуі керек.

  15. АЛДАБЕРГЕН жаңылмайтын жақ сүрінбейтін тұяқ жоқ қой ҚАДЫР МЫРЗА АЛИ ағамыз да қазақ қой

  16. Мен Қадыр ақынның қазақтығына күмән келтіргемін жоқ. Қадырдың осы бір жартымсыз, кесірлі сөзін жұрт тап бір тауып айтқандай көрінген жерге тықпалай беретіне қынжыламын.

  17. сен бала болатын бала екенсің АЛДАБЕРГЕН деген қазақша есімің бар екен өзің де қазақша таза сөйлейді екенсің ал менің есімімді ата-анам қайдағы жоқ ИСПАНИЯДАН шыққан есімді қойғанына жыным келеді қазақша есім құрып қалғандай сенің қазақша есімің бар екеніне жалпы қуанасың ба?

  18. Лаура, “қазақша есімің бар екеніне жалпы қуанасың ба?” деген сұрағыңның өзі мені таң қалдырады? Оған сен кінәлі емессің? Сол бір заманда қазақтықтан қашқан, қағынан жеріген, өзін сыйламауды, өзгеге бейімдеуді жеткендіктің белгісі деп көретін үрдіс ел арасында қалыптасқан еді. Соның салқыны сенің есіміңде де көрініс береді. Сен бұған ренжіме. Ол заман өтті, кетті. Енді өмірге сен сияқты таза қазақтар келді. Менің ойымша сен әлі жассың. Ұнамаса атыңды ауыстырып ал. Лаураның Лаула болуы ұнай ма?
    Бұдан былай сен Лауласың. Ал Алдаберген сен айтқандай бала емес, болған, толған, заман көшінен қалмаған ердің жасындағы ағаңмын.

  19. МЕН СЕНІҢ АҒАМ ЕКЕНІҢДІ ҚАЙДАН БІЛЕЙІН? ОЛ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР ЖОҚ ҚОЙ

  20. Онда менің бала екенімді қалай білдің, Лаура?

Заңғар жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері