Қазақтың Қадыр Мырза Әлісі

46825 рет қаралды
5

Кадыр МырзаҚадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты кентінде дүниеге келген. 1958 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін, 1960 жылы аспирантурасын бітірген. 1955-62 жылдары “Балдырған” журналында әдеби қызметкер, 1962-65 жылдары “Жұлдыз” журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-78 жылдары “Жазушы” баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі, 1973 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі, 1993 жылдан «Балауса» баспасының директоры қызметтерін атқарған.

Алғашқы өлеңі 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланғаннан бастап қаламы қолынан түспеген ақынның 1959 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы – «Көктем»жарық көреді. Одан кейін оның елуден астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. «Жаңғалақтар», «Данышпан», «Кішкене қожанасыр», «Ноян қоян», «Алуан палуан», «Ой орманы», «Дала дидары», «Бұлбұл бағы», «Ақ отау», 2 томдық «Домбыра», «Жерұйық», «Ғибратнәмә», «Жазмыш», «Еңіреп өткен ерлер-ай», «Иірім», «Шырғалаң», «Алмас жерде қалмас», 2 томдық «Афоризмдер жинағы» сынды туындылары оқырман жүрегінен орын алды. Ақын бұнымен қатар 200-ден астам ән сөзінің авторы, көркем аударма саласында да елеулі еңбек етті. Шығармалары ағылшын, француз, неміс, фин тілдеріне аударылған. Артына ең көп еңбек қалдырған ақынның туындыларының жалпы көлемі 32 том. Оның 20 томдығы былтыр ақынның 75 жылдығына орай «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген болатын.

қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлі 77 жасқа қараған шағында қаңтардың 22 күні өмірден озды.

Иамны жолдас болсын!

Мінбер-админ

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Алланың рахматы болсын! Асыл ағамыздан айырылып, еңсеміз түсіп қалдау. Енді қазақтың қай баласы Қадырдың орнын баса алсын!

  2. Қадыр ағаның өлім туралы өлеңі..

    Көк дауылмен жағаласып кемеміз,
    Көк мұхитта қақпақыл боп келеміз.
    О, Жасаған!
    Өстіп жүріп бір күні
    Өлеміз-ау,
    Өлеміз-ау,
    Өлеміз!
    Кейбіреулер соны неге ұқпайды,
    Қадалады жүрегіме мұң-қайғы.
    Мен де өлемін,
    Менің бірақ есімім
    Жазушылар тізімінен шықпайды!
    Пендемін ғой, тау болсам да шөгер ем,
    Гүлдей солам,
    Бірақ қайта көгерем:
    Тірілердің көзіне оттай басылар,
    Талай-талай немерем мен шөберем.

    Өліп-өшкен ғашық жігіт
    Күніне
    Мендік көзбен қарар сүйген гүліне.
    Мен болмаспын,
    Бірақ сөзім оралар
    Сайрап тұрған шешендердің тіліне.
    Жүрек неге,
    Өкпе неге алқынды?
    Қимайды ма өте шыққан бал күнді?
    Әдемі әзіл бір кездері мен айтқан,
    Әлі талай ду күлдірер халқымды.

    Амал қанша!
    Татар дәмім таусылды.
    Қабірстан құшағымен қаусырды…
    Жоқ! Өлмеймін!
    Елім талай естиді
    Лентаға жазып алған даусымды!
    Кейбір жырым дән ұшырып қырманда,
    Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда.
    Жоқ! Өлмеймін!
    Правом жоқ өлуге,
    Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!

    Қадыр МЫРЗА ӘЛІ

  3. Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер, кезекпенен өлінер… Топырағы торқа болсын.

  4. Қасым Аманжолов сұры шинель кигізіп, қан майданға аттандырғанда өліп емес, мүгедек болып емес жеіңспен оралғанда М.Мақатаев шекпен жапқан қазақ өлеңінің қадірін түсірмеген қайран Қадыр ағамыз-айІ Топырағы торқа болсын! Қадырдың қадірін түсінеміз, айтып жүремізІ Бақыл бол, аға!- дейміз де…

Жәнібек жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар