Билік Қытай экспансиясына қатысты сұраққа енді жауап берді

665 рет қаралды
3

150610-300x122Қытай компанияларының Қазақстанда өндіретін мұнайының көлемі жыл сайын азаяды. Бүгін “Қазмұнайгаз” ұлттық операторының өкілдері Алматыдағы жиында осылай мәлімдеді. Айтуларынша, Қазақстан алдағы уақытта өндірілетін мұнайдың денін өзі өндірмекші. 

 

 Дегенмен отырыс барысында “Қазмұнайгаз” өкілдері Қытай қазірдің өзінде Қазақстанның мұнай-газ саласында үлкен рөл атқаратынын мойындады. Қытайдың мұнай импортының 11 пайызын Қазақстан беріп отыр. Бүгінде “Қазмұнайгаздың” үлесі бар бес компанияда қытайлар енші алған. “Маңғыстаумұнайгаздың” 50 пайызы, “ПетроҚазақстан ҚұмкөлРесорсиз” 67 пайызы, “ҚазГерМұнай” мен “ТорғайПетролеумның” 30 пайыздан астамы аспан асты елінің компанияларына тиесілі.

Ал “АқтөбеМұнайГаз” түгелдей өтіп кеткен. Ресми Бейжің бұл үлестерінен бас тартпайды. Дегенмен ұлттық оператор мамандары нарықтық қатынастарды саясиландырудың қажеті жоқ дейді. Экономист Жанұзақ Әкім “Қазмұнайгаздың” арифметикасын қоғам пікірін басқа арнаға аудару деп санайды.

Бұл салаға дендеп енген Қытай енді қусаң да шықпайды дейді. Экономистің пікірінше көрші ел компаниялары қазақ мұнайын қазір де Қытайға су тегінге сатып отыр.

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Сату, жасырын сату дегеннің өзі алаяқтық пен сатқындыққа пара – пар.

  2. “Қытай компанияларының Қазақстанда өндіретін мұнайының көлемі жыл сайын азаяды”. Атаңның басы азаяды!

  3. Біз осылай анау-мынау жаман, анау былай істеді дұрыс емес, мынау былай істеді дұрыс емес деп қарап отыра берсек ештеңеде түзеле қоймас! сол себепті өзімізді дұрыстап, өзімізден бастайык бәрін! ойланыңдар бауырлар,,,,

Ербол жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,