/

Әліпби ауыстыру күн тәртібіндегі мәселе

1285 рет қаралды
2

Парламенттің төменгі палатасындағы үкімет сағаты барысында (06.06.2011ж) сөйлеген сөзінде Қазақстанның Мәдениет министрі Мұхтар Құлмұхаммед латын алфабиті негізіндегі әліпбиге көшу жөнінде өз пікірін білдірді. Әуелі, «қазақ әліпбиі қашан кирилшеден латыншаға көшеді» деп сөздің ұшын депутат Айгүл Соловьева шығарды. Министр Мұхтар Құлмұхаммед әліпби ауыстыру саяси мәселе екенін, Президенттің өзі де әлде неше рет латыншаға көшу тақырыбын зерттеп, зерделеуді мәлімдегенін, бірақ бұл мәселе әлі шешілмегенін атап өтті. Министрдің өзі болса латыншаны құптайтынын жасырмады. Ол, «қазіргі қазақ әліпбиінде 42 әріп, орыста – 33, арабтарда – 28, латында 25-26 әріп барын еске сала келіп, латынша жазу әлде қайда жылдам болар еді» деді. Қазіргі техникалық үдеріс заманында латынша жазудың қолайлы екенін де атап өтті.

Біз ойлаймыз: үкімет «бүгіннен бастап латыншаға көшіңдер» деп халықты күшпен мәжбүрлемесе де, бұның саяси астары күрделі болса да, латын әріптерін пайдаланудың етек алып бара жатқанынымен қатар жазудағы әр түрлілікті жою үшін үкімет тарапынан бейресми латынша әліпби жазап беруі қажет-ақ. Әлірби жасаудағы ең басты ұстаным: бір дыбысқа бір таңба сәйкес болу керек.
Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Әліппені ауыстыру мәселесі күн тәртібінен түспей келе жатқанының өзі көп сөзділікке үйір екендігіміздің айқын дәлелі. Сөз бойынша істелген іс көл-ақ. Ал іс жүзінде атқарылғаны өте мардымсыз. Негізі билік 100 пайыз қазақшаға көшпей мәселе шешілмейді.

  2. Білдей бір институт қызметкерлері жиырма жыл не істеген екен, ә?!

mergen жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері