/

Ақбөкендерге қырғын қайдан келді?

850 рет қаралды
2

akbokenБиыл мамыр айында Батыс Қазақстан облысы  440 ақбөкенінен көз жазып қалды. Былтыр 12 мың ақбөкен белгісіз себеппен ажал құшқан болса, биылғы ақбөкендердің де қырғынына не себеп болғанын айта алмай қайранбыз.

Билік былтырғысынан танбай, ақбөкендердің өліміне – пастереллоз атты жұқпалы ауру кінәлі деген тұжырымға келіп отыр. Ол қандай ауру, оған дауа жоқ па? Ол жағы беймәлім. Тек мәлімі онсыз да азайып, жойылудың аз-ақ алдында тұрған, Қызыл кітапқа енген ақбөкендердің жыл сайын бір мезгілде, бір аумақта жаппай қырғынға ұшырауы.

akboken14Табиғаттың бейкүнә жаратылысының жыл сайын жаппай қырғынға ұшырауы –  бейжай қарауға болмайтын құбылыс. Бірақ экологтардың да, биліктің де бұған қылар қайраны да, оның алдын алар дәрмені де жоқ сияқты. Былтыр 12 мың ақбөкеннің жер жастануы – билік қазынасына әжептәуір салмақ түсіріп, 2 миллиард теңгенің зиянын әкелген. Биылғы қырғынның зияны әзірге есептеле қойған жоқ.

220px-Akboken32009 жылғы есеп бойынша Қазақстандағы ақбөкендердің саны – 81 мың болған. Оның 26 мыңы – Орал өңірінде болған. Ал осыдан он жыл бұрын киелі аң қазақ даласында жосылып жүрген екен. Жосылып жүрмей немене егр олардың саны 2000 жылы миллионнан асса. Айналасы оншақты жылдың ішінде ақбөкендер – 30 есеге дейін азайған.  Қазіргі есеп бойынша, небәрі 40 мың ақбөкен қалған.

ak1Орал облысының әкімі – Бақтықожа Ізмұхамбетов ақбөкендер уланған шөп жеп қырылып жатыр деген уәж айтыпты. Ал шөпті улаған не екен? Көршіміздің іргеде тұрған полигонының зардабы тиіп жатқан жоқ па екен. Бұл жайында жұмған аузын ашқан ешкім жоқ. Қазақ киелісінен айрылып, жер сипап отыр.

«Мінбер-ақпарат».

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Бөкенді кейде қазақ киік дейді,
    Киікке киелі деп тиіспейді.
    Киіктің киесі атқан тұздай құрып,
    Киікті әлпештеген биіктейді.

  2. Өріп жатыр бөкендер,
    Өліп жатыр бөкендер.
    өлімге міз бақпайды,
    өрде отырған “көсемдер”,
    Өңкей тыжы кө…

mergen жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Ақ кеме” – Ғ.Мүсірепов театрында

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 17 желтоқсанда Шыңғыс Айтматов шығармасының желісімен қойылған

Дос Көшім, саясаттанушы: Президенттің басым дауыспен жеңіске жетуі – авторитарлық жүйенің қалыптасқан қағидасы. Өйткені Президент өзгелерден оқ бойы озық болуы керек

Қазақстанда 2022 жылдың 20 қарашасына кезектен тыс сайлау өтті. 81 пайызбен атқарушы Президент Қ.К. Тоқаев басым