//

Қаламақымды ала алмай жүрмін

1 мин. оқу
4

Саламатсыз ба, біздің басылым жаңадан ашылған еді. Басында жұмысқа қабылдаған кезде. айлықпен бірге қаламақы төлеуге уәде берген. Қазір басшылық сол уәдесін орындауға құлықсыз, айлықтың өзі кешіктіріліп беріледі. Біз қаламақымызды өндіріп ала аламыз ба?

Саламатсыз ба, Рауан!

Жұмысқа алған кезде жұмыс берушінің  ай сайын қаламақы төлеймін деген  уәдесі еңбек шартында көрсетілген болса сіз оны өндіріп алу үшін сот органдарына шағымдана аласыз. Ал егер шартта көзделмеген жағдайда және куәгерлер болмаған жағдайда  оны дәлелдеу қиынға соғатыны бәрімізге мәлім.

Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері ҚР-ның Еңбек кодексінің 134-бабымен реттеледі.

Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделеді.

Жалақы төлеу күні демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.

Жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де төлемдерді төлеу жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген кезде, жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақыны төлейді. Өсімақы мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті күннен кейінгі күннен бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін есептеледі және төлем жасалған күнмен аяқталады.

Құрметпен, Жанерке.

 

4 Comments

  1. Қазір көп басылымдар жаңадан барған журналистердің еңбегін тегін пайдаланып отыр ғой.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Latest from Blog

eGov.kz порталынан жүргізуші куәлігін алуға болады

Егер тегіңіз өзгерсе, жоғалтып алсаңыз, уақыты аяқталса жүргізуші куәлігін eGov.kz порталынан рәсімдеуге болады деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз-қызметі.  Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік және