//

Тағы да жалақы туралы

1373 рет қаралды
4

Құрметті Жанерке, мен 2007-2009 жылдары арасында бір оқу орнында оқытушы болдым. Бірақ, төлқұжатты өзгерткен кезде РНН, СИК бәрін өзгерту керек екен. Оның процедурасы ұзап кетті. Сол екі арада мен жұмыстан кеттім. Құжаттарымды уақытылы жасай алмадым. Кейін арызданып едім, уақыт өтіп кетті деді. Тиесілі жалақымды ала алмаймын ба?

Құрметті Дәулет, сіз құжаттарыңызды уақытында өткізбегендіктен сіз ресми түрде ол мекеме қызметкері болып саналмайсыз. Мекеме басшысы да, сіз ресми қызметкер болмағандықтан сізге тапсырмалар, жұмыс нәтижелерін талап ете алмайды, дегенмен, жалақымды ала алмадым дегеніңізге қарағанда жұмыс істеген болып тұрсыз, яғни істеген жұмысыңыздың нәтижелерін дәлел ретінде пайдалануға болады. ҚР-ның Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушімен еңбек шарты жасалған болса жалақыңызды өндіріп алуға болады. Алдымен қалалық немесе жергілікті Әлеуметтік қорғау депармаментінің еңбек мәселелері жөніндегі бөлімге өтініш білдіресіз, бірақ олардың көмегі болмаған жағдайда сот арқылы өндіруге болады. Сотқа арыз бергенде, еңбек шарты болмаған жағдайда тиісті дәлелдер де ұсынуыңыз қажет. Олар: жазған жарияланған мақалаларыңыз. Оларды жарияламас бұрын бас редактордың тексергені жөнінде немесе мақұлдағаны жөнінде қойған қолы, мекеменің мөрі де болады. Сонымен қатар сіздің ол ұжымда жумыс істегеніңізді растайтын куәгерлер де куә ретінде сотқа шақыртуға болады.

Дайындаған: Жанерке

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Құрметті Жанерке! Мен ол жерге жұмысқа орналасқан кезде приказ бұрынғы п\төлқұжат мәліметтері бойынша шықты. Содан кейін менің төлқұжатымдағы мәліметтер өзгертілді. Сөйтіп олар РНН, СИК-ті қайта рәсімдеуімді талап етті. Оған біраз уақыт кетті. Мен жұмысқа орналасқан адаммын. Кейін приказ бойынша жұмыстан шығарылдым. Бірақ екі жылдың жалақысыны алмадым.

  2. Мұндай айдар бар екенін қазір көп журналистер білмей жатыр-ау деймін ә!

  3. салеметсіз бе? мен АККА-да дәрігер болып жумыс істеймін, 1,0 ставкада, бірақ осы ставкада жалақы мөлшері орта есеппен қанша болу керек? жумыс уақыты 8:00-ден 17:00-ге дейін, алатын ақшам 30000 теңге? осы дурыс па?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі