/

Абай. Заманақыр жастары

3566 рет қаралды
7

Заманақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне – бірі қастыққа,
Қойнына тыққан тастары.

Саудасы ар мен иманы,
Қайрат жоқ бойын тиғалы.
Еңбекпен етті ауыртпай,
Құр тілменен жиғаны.

Өнімсіз іске шеп – шебер,
Майданға түспей несі өнер?
Сиырша тойса мас болып,
Өреге келіп сүйкенер.

Күлмеңдеп келер көздері,
Қалжыңбас келер өздері.
Кекектеп секек етем деп,
Шошқа туар сөздері.

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Иә, Раджұлы дұрыс айтасың, мағынасы өте терең екен. Қазақ жастарының кескін-келбетін жақсы бейнеленген сурет.

    • тек қазақ жастары ғана емес бүтін адамзат мәселесі.

  2. Кандай керемет! Терен магыналы! Дал казыргы заман жастарын сипаттагандай.

  3. Қазіргі жастарды тәрбиелеп жатқан өздеріңіз ғой .Алтындай аға әпкелерім сіздер жамандап отырған жастарға тәрбиені бере алмай жатқан өз кінәларіңізді мойындау ойларыңызда жоқпа .Мен мысалға ондай надан емеспін .Себебі ата -анам тәрбиесі санамда .Босқа жасөспірім ,жастарды жамандамай тәрбие беріңіздер .!!!!!

асыл жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері