//

Он сотық жер

2743 рет қаралды
4

Менің естуімше ҚР ның әрбір азаматы үй салу мақсатында тегін он сотық жер теліміне ие бола алады екен. Бұл рас па?

Қазақстандық кез келген азаматтың 10 сотық жерге тегін иелік етуіне құқығы бар. Үкіметтің 1 тамызда шыққан бұл қаулысы мыңдаған алматылыққа үміт отын жаққаны рас.

Сол Қаулыны төменде қараңыз:

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесін

бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 Қаулысы

(2008.26.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)

«Қазақстан Республикасының Жер кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                           Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 1 тамыздағы

№ 726 қаулысымен

Бекітілген

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесi

1. Осы Ереже (бұдан әрі – Ереже) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық берудің тәртібін белгілейді.

2. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына0,10 гектармөлшерінде жеке меншікке тегін беріледі.

Көрсетілген мақсат үшін жер учаскелерін қайтадан тегін беруге рұқсат етілмейді.

3. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жеке меншікте бола алатын жер учаскелерінің шекті (ең көп) мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге байланысты облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімдерімен белгіленеді.

4. Оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 шілдедегі № 748 қаулысымен бекітілген Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру ережесімен реттеледі.

5. Шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері жеке меншікке ақы төлеу негізінде «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 заң күші бар Жарлығымен көзделген шектеулер ескеріле отырып беріледі.

ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 621 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Жер учаскесін алу үшін мүдделі адамдар жер учаскесін беру туралы өтінішін (қолдаухатын), сұралатын жер учаскесінің орналасқан жері бойынша осы Ереженің 8-тармағында санамаланған тиісті жергілікті атқарушы органдарға береді.

Өтініште (қолдаухатта) жер учаскесін пайдаланудың мақсаты; оның болжанатын мөлшері; орналасқан жері; сұралатын пайдалану құқығы көрсетіледі.

Өтінішке (қолдаухатқа) мыналар қоса беріледі:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;

3) ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1323 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1323 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Өтінішті (қолдаухатты) қабылдау кезінде осы Ережеде көзделмеген басқа құжаттар мен мәліметтерді талап етуге тыйым салынады.

7. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру туралы өтініш (қолдаухат), оның түскен сәтінен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралады.

8. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру туралы шешімді мыналар қабылдайды:

республикалық маңызы бар қала мен астананың шекарасы шегінде – республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдігі;

облыстық маңызы бар қаланың шекарасы шегінде – облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі;

аудандық маңызы бар қаланың шекарасы шегінде – аудандық маңызы бар қаланың әкімі;

кент шекарасы шегінде – кент әкімі;

ауыл (село) шекарасы шегінде – ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкімі.

Жер учаскесін беру немесе оны жеке тұрғын үй құрылысы үшін беруден бас тарту туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссия (бұдан әрі – комиссия) қорытындысы негізінде сұралатын жер учаскесінің орналасқан жері бойынша, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері қабылдайды.

Комиссия қорытындысын дайындау кезінде республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары мен жер учаскесінің орналасқан жері бойынша сәулет және қала құрылысы жергілікті органдарының оны жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстары ескеріледі.

ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1323 Қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 621 қаулысымен 8-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8-1. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген дайын алаңдар болған жағдайда республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі жер учаскесін беру туралы келіп түскен өтініштердің (қолдаухаттардың) кезектілігі негізінде азаматтардың тізімін қалыптастырады, соған сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органынан Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағында көзделген мәліметтерді сұратады. Ұсынылған мәліметтер комиссияның қарауы үшін азаматтың өтінішіне (қолдаухатына) қоса тіркеледі.

9. Жер учаскесін бөліп беру үшін алаңдар болмаған жағдайда комиссия жалпы тізімдегі кезек нөмірін көрсете отырып, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру туралы өтінішті (қолдаухатты) арнайы есепке қою туралы қорытынды береді. Тиісті хабарлама комиссия қорытындысы берілген сәттен бастап жеті күн мерзімде өтініш берушіге жіберіледі.

ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 621 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

10. Осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген комиссия қорытындысының негізінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру туралы өтінішті (қолдаухатты) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері арнайы есепке алады және комиссия қайтадан қарамай бөліп беруге арналған алаңдардың дайындалуына қарай қанағаттандырылады.

Бұл ретте жер учаскесін тегін негізде берген жағдайда азаматтар құқықтарын мемлекет жеке тұрғын үй құрылысы үшін берген жер учаскелерінің болуы немесе болмауы ескеріледі, олар туралы мәліметтерді республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті орган ұсынады.

Жерді бөліп беру үшін алаңдарды дайындау туралы ақпарат және жер учаскесін алуға арналған кезек тізімдері ашық болып табылады, оларға қол жетімділікті республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері тоқсанына кемінде бір рет оларды арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы қамтамасыз етуге міндетті.

11. Жер учаскесіне құқық беруден бас тарту Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алып қою жағдайларын қоспағанда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің шешімімен ресімделеді және дәлелденуі, ал көшірмесі шешім қабылданғаннан кейін жеті күн мерзімде өтініш берушіге тапсырылуға тиіс.

12. Жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне тиісті құқықты беру туралы шешімі өтініш берушіге шешім қабылданған сәттен бастап жеті күн мерзімде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің көшірмесін бере отырып, жерге орналастыру жобасы негізінде қабылданады.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөліп беруге арналған алаңға жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы (схемасы) болған кезде әрбір жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын жасау талап етілмейді.

13. Жер учаскесін жеке меншікке беру туралы шешім қабылданғаннан кейін жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актіні дайындау және беру жүзеге асырылады, олар жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі берілген адамның республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға өтініш беру сәтінен бастап өтінішке жер учаскесін беру туралы тиісті шешімнің көшірмесін қоса бере отырып бір ай ішінде жүргізіледі.

14. Жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстары және жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актіні дайындау жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі берілген адамның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

15. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөліп беруге арналған алаңдар бекітілген басты жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, құрылыс ережелері мен елді мекендер аумағының жер-шаруашылық құрылысының жобаларына сәйкес массивтермен бөлінуге тиіс.

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Аз ғана қазаққа осыншама кең жер жетпей, баспанасыз, үйсіз-күйсіз жүр…

  2. Әрбір шаңыраққа үміт отын жаққаны рас, осыны журналистер жеткзбесе халыққа кім жеткізер еді?! Қайдағы жоқ әншілер киімі менен жігіттерін түгендегенше осындай сауат ашатын мағлұматтар көп берілсе екен деймін,,,

  3. Саламатсыздар ма, біздің телекомпаниямыздың қызметі жөнінде ақпарат беру туралы жергілікті атқару орындарының сұраныс хатына жауап беруден бас тарттық. Жергілікті атқарушы органның осындай ақпарат сұрауға құқықтары бар ма? Осындай ақпаратты беруден бас тартуға біздің құқығымыз бар ма?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар