/

Байқаусызда мәтінде кеткен қате

1482 рет қаралды
4

Мақалада (не бейнематериалда, радиохабарда) байкаусызда кеткен қате үшін сол журналистік материалда кісі жеке басыма, не құқығыма, абыройыма нұқсан жетті деп шағым түсірсе оған кім жауап береді: редакция ма, әлде мақала авторы ма?

Мақала жазу кезінде байқаусызда қате кеткен жағдайда редакция жағдайды сотқа жеткізіп ушықтырмай-ақ, теріске шығаруды жариялай салғаны жөн. Дегенмен, бүкіл мақаланы емес, оның ішінен шындыққа сай келмейтін мәліметтерді ғана теріске шығарғаны дұрыс. Және де теріске шығарғанда оқырмандарға қателік не үшін кеткенін түсіндіру керек. Теріске шығару мәтінін талаптың авторымен келіссе, артық болмайды. Мынаны да есте ұстаңыз: теріске шығаруды жариялағанмен, ол адам енді моральдық зиянын өтетпейді дегенге кепілдік бермейді. Өйткені теріске шығару жарияланған соң, талап иесі “редакция өз кінәсін мойындады” деп сот арқылы моральдық зиян үшін өтемақы талап етуі де ғажап емес. Сондықтан теріске шығаруды жарияламас бұрын талаптың авторына сол теріске шығару мәтіні жазылған қағазға “осы мәтінмен келісем және ол жарияланғаннан кейін редакцияға да, журналиске де, газет пен меншік иесіне де талабым жоқ. Моральдық зияным да осымен өтелді деп есептеймін” деген мағынада қол-хат жаздырып, қолын қойдырып алу керек. БАҚ туралы заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес азамат немесе заңды тұлға өзiнiң ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтердi сот тәртiбiмен терiске шығаруды талап етуге құқылы.

Дайындаған Жанерке.

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Сондықтан, “байқаусыда қате жібермеген” жөн! Байқаусыздық дегеннің бір аты жауапсыздық!

  2. Веб-сайттардың форумдарына келіп-кетушілердің қалдырған ақпараттары мен пікірлерінің мазмұны үшін кім жауап береді? Сайт иелерін жауапқа тартуға бола ма?

  3. Телебағдарламалардан эротика мен порнография белгілерін қалай анықт аймыз

  4. Саламатсыз ба, Жанерке, біздің көңілімізден шығып жатқан сауалдарыңыз үшін рахмет. Мен ұсрайын дегенім, ақпараттың қайнар көзіне қатысты. Бізге оқылған лекциялар бойынша, егер сот талап еткен жағдайда ақпаратты қайдан кімнен алынғаны айтылуы тиіс дейді. Ондай жағдайда біз ақпарат берген адамды орға жығамыз ғой. Бұл рас па?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі